Алла Тағаладан күтпейтін бір нәрсе бар... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Дүниедегі барлық нәрсе – тек Алла Тағаланың жаратқаны әрі Алла Тағаланың құдіреті шексіз. Соныдақтан да Алла Тағалаға қатысты «мына нәрсені Алла Тағала істей алмайды» деп айтылмайды. Тіпті, бұл күпірлік сөзге жатады. Біз білетін нәрсенің барлы – Алла Тағаланың құдіретінде. Дегенмен, біз Алла Тағаладан күтпейтін бір нәрсе бар! Ол не нәрсе?

Жауабы: біз Алла Тағаладан зұлымқ етуін күтпейміз.

Имам Муслим Әбу Заррдан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен құдсы хадисте Хақ Тағала былай деген:

يَاعِبَادِي إِنِّي حَرَّمْتُ الظُّلْمَ عَلَى نَفْسِي وَجَعَلْتُهُ بَيْنَكُمْ مُحَرَّماً، فَلاَ تَظَالَمُوا

 «Уа, құлдарым! Мен Өзiме әрі сендерге зұлымдық етуді харам еттiм. Сондықтан бір-біріңе зұлымдық етпеңдер!»

Толығырақ ...

Патшаны жылатқан аят. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пайғамбарлықтың үшінші жылында мұсылмандардың бір тобы Хабашстанға (Эфиопия) алғашқы һижрат етті. Хабашстанның сол дәуірдегі патшасы христиан болатын. Ол муһажир мұсылмандарды панасына алады. Көп ұзамай қоныс аударған мұсылмандарды елге қайтару үшін Хабашстанға Абдуллаһ ибн Рабиға мен Ғамр ибн Ғас ибн Уаил бастаған мушриктерінің бір тобы келеді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Хабашстанның патшасы Нәжәши муһажирлер мен мушриктерді кездестіреді. Сол кездесуде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әке жағынан туысы Жәғфар ибн Аби Толиб (родиял-лаһу ғанһу) Нәжәшиге Құран аяттарын оқып береді. Оны естіген Нәжәшидің көзіне жас толады.

Сұрақ: Жәғфар ибн Аби Толиб (родиял-лаһу ғанһу) Нәжәшиге Құранның қайсы аяттарын оқып берген еді?

Жауабы: Жәғфар ибн Аби Толиб (родиял-лаһу ғанһу) Нәжәшиге Құранның «Марйям» сүресін оқып берген еді.

Бұл жайында толығырақ мына жердең оқыңыздар:

http://www.nurotau.kz/index.php/k2-tags/2012-03-07-02-56-35/item/1046-хабашстанға-қоныс-аудару

http://www.nurotau.kz/index.php/k2-tags/2012-03-07-02-56-35/item/1055-мушриктердің-елшілігі 

http://www.nurotau.kz/index.php/k2-tags/2012-03-07-02-56-35/item/1070-жәғфар-ибн-аби-толибтің-родиял-лаһу-ғанһу-жауабы

Толығырақ ...

Алла Тағала пайғамбарларына түсірген Кітаптары. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда! 

Хақ Тағала пайғамбарларына қанша Кітап түсірді?

Жауабы: Алла Тағала төрт пайғамбарына төрт Кітап түсірген:

- Муса пайғамбарға (ғаләйһис-саләм) – Тауратты (Пятикнижие Моисея, Старый завет).

Таурат – заң, тағылым дегенді білдіреді.

- Дауд пайғамбарға (ғаләйһис-саләм) – Забурды (Псалтирь).

Забур – Мусаға (ғаләйһис-саләм) түсірілген Тауратта айтылғанды нығайта түскен кітап. Көлемі Таураттан әлде қайда кіші. Сонымен қатар Забурдың негізгі тақырыбы – даналық сөздер мен насихат.

Толығырақ ...

Бір намаз бар... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бір намаз бар, одан бұрын ұйықтау және кейін әңгіме айту мәкрүһ болған. Ол кандай намаз? 

Жауабы: ол – құбтан намазы. Құбтан намазынан бұрын ұйықтау және уақытты бос әңгімемен өткізу – мәкрүһ. Дегенмен, құбтан намазынан соң Ақырет үшін пайдалы іспен айналысу сауапты іске жатады. Мәселен, шарғи кітап оқу, дін жайында сұхбат өткізу т.с.с.

Толығырақ ...

Даналық берілгенімен пайғамбарлық нәсіп болмаған. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Даналық – пайғамбарларға тән сипат. Шариғатта мұны «фатанат» деп айтады.

Фатанат – ақыл мен саналықтың қосындысы. Дүниедегі ең үлкен ақиқатқа, яғни Алла Тағаланың жалғыздығы мен барлығына үндеу үшін пайғамбарларға даналық тән болған. Дегенмен, мына пәниден пайғамбар болмағанымен бойында пайғамбарларға тән даналық болған бір пенде өткен еді. Оның есімі діни, тіпті түрлі халық әдебиетінде жиі аталады. Сол пенде кім?

Жауабы: ол – Лұқман Хәкім.

Лұқман Хәкім – Дауд пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) замандасы.

Құранда айтылғандай Хақ Тағала оған даналықты нәсіп еткен. Сонымен қатар ол жайында хадисте де айтылады. Тіпті Құранның бір сүресі «Лұқман» деп аталған.

Толығырақ ...

Бұл қандай намаз? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Рукуғ, сәжде – намаздың талаптарынан. Яғни, рукуғ, сәждесін орындамаған адамның намазы дұрыс болмайды. Дегенмен, намаздың бір түрі бар, оны орындау барысында рукуғ пен сәжде орындалмаса да, намаз дұрыс болып есептеледі. Ол қандай намаз?

Жауабы: ол жаназа намазы. 

Жаназа намазы тік тұрып орындалады. Өзге нааздағыдай онда рукуғ және сәжде болмайды. Рукуғ пен сәжде болмау себебінен жаназа намазында «рәкәғат саны» деген де ұғым жоқ.

Толығырақ ...