Құрбан айттың мәнісі

Өз-өзіңді шыңда!

Құдай қаласа, Құрбандық айты да келіп қалды. Діни әдет бойынша барша мұсылман бір-бірін: «Айт құтты болсын!»-деп құттықтап жатады.

Айтпен (мейраммен) құттықтау – бір мәселе. Ал айттың мәнісін біліп құттықтау – ол да бір мәселе.

Сұрақ: сонда айттың, яғни Құрбан айтта қуануымыздың мәнісі неде?

Осы сұраққа жауап беріп, Құрбан айтта қуануымыздың мәнісін түсіндіріп берген адамға сыйлық бар! 

Ескерту: сұрақтың жауабы қыркүйектің 11-ші жұлдызына дейін қабылданады.

Толығырақ ...

Бауыздалмастан желінетін жәндік. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Шариғат бойынша мұсылмандар азық ететін жәндікті «бисмилләһпен» бауыздап жеуі тиіс. Дегенмен, бір жәндік бар, оны «бисмилләһ» деп бауыздау шарт емес әрі бауыздалмастан жан тапсырсада жеуге жарайды. Ол қанда жәндік?

Жауабы: ол – балық.

Бұл жайында Алла Тағала «Мәида» сүресінің 96-шы аятында:

أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُهُ مَتَاعًا لَكُمْ

«Сендерге теңіз аңы және оны жеу адал етілді»,-деген.

Яғни, ұсталған балық адал болу үшін оны «бисмилләһ» деп бауыздаудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, шегірткені де бауыздамастан жеуге болады. Бұл мәселеге қатысты имам Ибн Мажәһ (рохматуллаһи ғаләйһи) Абдуллаһ ибн Омардан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

أُحِلَّتْ لَنَا مَيْتَتَانِ: الْحُوتُ وَالْجَرَادُ

 

«Бізге өліп қалған екі жәндік адал етілді – балық және шегіртке»,-деген.

Толығырақ ...

Алла Тағаладан күтпейтін бір нәрсе бар... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Дүниедегі барлық нәрсе – тек Алла Тағаланың жаратқаны әрі Алла Тағаланың құдіреті шексіз. Соныдақтан да Алла Тағалаға қатысты «мына нәрсені Алла Тағала істей алмайды» деп айтылмайды. Тіпті, бұл күпірлік сөзге жатады. Біз білетін нәрсенің барлы – Алла Тағаланың құдіретінде. Дегенмен, біз Алла Тағаладан күтпейтін бір нәрсе бар! Ол не нәрсе?

Жауабы: біз Алла Тағаладан зұлымқ етуін күтпейміз.

Имам Муслим Әбу Заррдан (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен құдсы хадисте Хақ Тағала былай деген:

يَاعِبَادِي إِنِّي حَرَّمْتُ الظُّلْمَ عَلَى نَفْسِي وَجَعَلْتُهُ بَيْنَكُمْ مُحَرَّماً، فَلاَ تَظَالَمُوا

 «Уа, құлдарым! Мен Өзiме әрі сендерге зұлымдық етуді харам еттiм. Сондықтан бір-біріңе зұлымдық етпеңдер!»

Толығырақ ...

Патшаны жылатқан аят. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пайғамбарлықтың үшінші жылында мұсылмандардың бір тобы Хабашстанға (Эфиопия) алғашқы һижрат етті. Хабашстанның сол дәуірдегі патшасы христиан болатын. Ол муһажир мұсылмандарды панасына алады. Көп ұзамай қоныс аударған мұсылмандарды елге қайтару үшін Хабашстанға Абдуллаһ ибн Рабиға мен Ғамр ибн Ғас ибн Уаил бастаған мушриктерінің бір тобы келеді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін Хабашстанның патшасы Нәжәши муһажирлер мен мушриктерді кездестіреді. Сол кездесуде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әке жағынан туысы Жәғфар ибн Аби Толиб (родиял-лаһу ғанһу) Нәжәшиге Құран аяттарын оқып береді. Оны естіген Нәжәшидің көзіне жас толады.

Сұрақ: Жәғфар ибн Аби Толиб (родиял-лаһу ғанһу) Нәжәшиге Құранның қайсы аяттарын оқып берген еді?

Жауабы: Жәғфар ибн Аби Толиб (родиял-лаһу ғанһу) Нәжәшиге Құранның «Марйям» сүресін оқып берген еді.

Бұл жайында толығырақ мына жердең оқыңыздар:

http://www.nurotau.kz/index.php/k2-tags/2012-03-07-02-56-35/item/1046-хабашстанға-қоныс-аудару

http://www.nurotau.kz/index.php/k2-tags/2012-03-07-02-56-35/item/1055-мушриктердің-елшілігі 

http://www.nurotau.kz/index.php/k2-tags/2012-03-07-02-56-35/item/1070-жәғфар-ибн-аби-толибтің-родиял-лаһу-ғанһу-жауабы

Толығырақ ...

Алла Тағала пайғамбарларына түсірген Кітаптары. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда! 

Хақ Тағала пайғамбарларына қанша Кітап түсірді?

Жауабы: Алла Тағала төрт пайғамбарына төрт Кітап түсірген:

- Муса пайғамбарға (ғаләйһис-саләм) – Тауратты (Пятикнижие Моисея, Старый завет).

Таурат – заң, тағылым дегенді білдіреді.

- Дауд пайғамбарға (ғаләйһис-саләм) – Забурды (Псалтирь).

Забур – Мусаға (ғаләйһис-саләм) түсірілген Тауратта айтылғанды нығайта түскен кітап. Көлемі Таураттан әлде қайда кіші. Сонымен қатар Забурдың негізгі тақырыбы – даналық сөздер мен насихат.

Толығырақ ...

Бір намаз бар... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бір намаз бар, одан бұрын ұйықтау және кейін әңгіме айту мәкрүһ болған. Ол кандай намаз? 

Жауабы: ол – құбтан намазы. Құбтан намазынан бұрын ұйықтау және уақытты бос әңгімемен өткізу – мәкрүһ. Дегенмен, құбтан намазынан соң Ақырет үшін пайдалы іспен айналысу сауапты іске жатады. Мәселен, шарғи кітап оқу, дін жайында сұхбат өткізу т.с.с.

Толығырақ ...