Қабылдың құралы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Адамның (ғаләйһис-саләм) ұлы Қабыл бауыры Һәбілді өлтіреді. Сондағы оның өлтіру құралы не еді?

Жауабы: Алла Тағала «Мәида» сүресінің 30-шы аятында:

فَطَوَّعَتْ لَهُ نَفْسُهُ قَتْلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُ فَأَصْبَحَ مِنَ الْخَاسِرِينَ

«Нәпсісі Қабылға бауырын өлтіруге итермеледі. Нәтижеде Қабыл бауырын өлтіріп зиынға ұшырағандардан болды»,-деген.

Имам Табари (рохматуллаһи ғаләйһи) «Тарихында »және имам Жәузи (рохматуллаһи ғаләйһи) «Әл-Мунтазамда» Қабыл бауырын таспен басынан ұрып өлтіргені жайында айтқан. Имам Ибн Кәсир де (рохматуллаһи ғаләйһи) тафсирінде Суддиден (родиял-лаһу ғанһу) келтірген риуаятында осы жайында айтқан.

Толығырақ ...

Үнемі жерге қарап жүретін жәндік. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Кеше: «Үнемі жерге қарап жүретін бір жәндік бар. Ол қандай жәндік?»,-деген сұрақты жариялаған болатынбыз. Бүгін соның жауабын айтамыз!

Ол – доңыз.

Доңыз ара-арасында төбеге қарағаны болмаса, негізінде төмен қарап жүреді.

 

Доңыз – жәндіктердің ең ласы!

Толығырақ ...