Пітір садақаны беретін уақыттың басы мен соңы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пітір садақасын қасиетті Рамазан кіргеннен бастап берсе болады. Ал сол пітір садақасын қай кезге дейін берсе болады?

Жауап: пітір садақаны қасиетті Рамазан айы басталысымен берсе болады. Ал пітір садақасын берудің соңғы шегі – айт намазы. Яғни, пітір садақасы айт намазына дейін берілуі тиіс.

Толығырақ ...

Юсуф пайғамбарды (ғаләйһис-саләм) азғырған. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Юсуф пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) қыссасын бәріміз білеміз. Сол қыссадағы Юсуфты (ғаләйһис-саләм) азғырған әйелдің есімі кім?

Біреулерге бұл сұрақ қиын болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ жауабы оңай. Өйткені ол есімді естімеген адам жоқ!

Сонымен Юсуфты (ғаләйһис-саләм) азғырған әйелдің есімі кім?

Жауап: Юсуфты (ғаләйһис-саләм) азғырған әйелдің есімі – Зулиха.

Зулиха жайында тафсирлерде айтылған.

Толығырақ ...

Пұттар қиратылған жыл. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде Қағбаның айналасы пұттарға толған болатын. Қағбаның айналасы сол пұттардан қай жылы тазартылды?

Жауап: Қағба пұттардан мұсылмандар Меккені иеленген жылы тазартылды. Ал мұсылмандар Меккені һижри 8-ші жылы, қасиетті Рамазан айында иеленді.

Толығырақ ...

Үш рет һижрат еткен. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ислам тарихында екі һижрат болғаны мәлім. Соған қарамастан үш рет һижрат еткен сахаба болған. Сол сахаба кім?

Жауап: ол – Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу).

Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу) екі рет Хабашстанға (Эфиопия), бір рет Мадинаға һижрат еткен болатын.

Мусғаб ибн Ғумайр (родиял-лаһу ғанһу) көркеммінезді, тілі шешен болатын.

О баста Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оны Мадинаға сондағы мұсылмандарды дінге үйрету үшін жұмсаған болатын. Ол кезде мадиналық мұсылмандардың саны 12 болатын.

Толығырақ ...

Күнәдан тазарудың ең тез жолы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Күнәдан тазарудың ең тез жолы бар. Күнәдан қалай тез тазарса болады?

Жауап: күнәдан тазарудың ең жылдам жолы – шын тәубеге келу.

Бұл мәселеге қатысты Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

التائب من الذنب كمن لا ذنب له

«Тәубеге келген күнәсі жоқ адам тәрізді»,-деген.

Яғни, пенде шын көңілден тәубесіне келсе болғаны – бар күнәсі кешіріледі.

Толығырақ ...