Омар (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйген... Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл өте мәшһүр оқиға! Һижри 9-шы жылы екінші әділ халифа Омар ибн Хаттаб (родиял-лаһу ғанһу) Шамға мұсылман әскерін жөнелтеді. Византиялықтармен болған шайқаста тұтқынға түскендердің ішінде Абдуллаһ ибн Хузафа да (родиял-лаһу ғанһу) болады. Сол оқиғада Абдуллаһ ибн Хузафа (родиял-лаһу ғанһу) византиялықтардың қолына түскен мұсылмандардың тұтқыннан босатылуына себепкер болады. Соң тұтқыннан азат етілген мұсылмандар Мадинаға келгенде халифа Омар (родиял-лаһу ғанһу) Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйіп: «Әрбір мұсылман Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүюге тиіс»,-дейді.

Сұрақ: Омардың (родиял-лаһу ғанһу) былай етуіне не себеп болды?

Жауап: Византия императоры алдына тұтқындалған мұсылмандарды алып келуін бұйырып оларды сынауды қалайды. Ол мұсылмандар діндері үшін жан тапсыруға дайын екенін естіген еді.

Император Абдуллаһ ибн Хузафаға (родиял-лаһу ғанһу) үңіліп қарап оған екі нәрсенің бірін қалауды ұсынады – христиан дінін қабылдау немесе өлім. Егер Абдуллаһ (родиял-лаһу ъанһу) христиан болса тұтқыннан азат етуді уәде етеді. Сонда Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу) өлімді таңдайды.

Оның бұл таңдауына ашуы келген император Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) дарғасып, оған найза лақтыруды бұйырады. Император Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) осылайша қорқытамын дейді. Алайда, ойы жүзеге аспайды. Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу) алған бетінен қайтпайды.

Осыдан соң император үлкен қазанды маймен толтырып астына от жағуын бұйырады. Қазандағы май бұрқылдап қайнай бастағанда император екі тұтқынды алып келіп біреуін қазанға тастауын әмір етеді. Қайнаған майға түскен мұсылман бір мезетте жоқ болады.

Император Әбу Хузафаға (родиял-лаһу ъанһу) қайта христиан дінін қабылдауды ұсынады. Бірақ...

Әскерлер Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) қазанның жанын алып келеді. Сонда қайнап жатқан майға қараған Әбу Хузафаның (родиял-лаһу ъанһу) көзінен жас ағады. Мұны көрген император нөкерлеріне Әбу Хузафаны (родиял-лаһу ъанһу) алдына алып келуін бұйырады. Кейін: «Сен неге жыладың?»,-деп сұрағанда Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу): «Құдай ақы! Менің жылағаным – жаным денемдегі шаш санындай болып, сонша рет дін жолында осы қазанға таслсам еді деген арман».

Әбу Хузафаның (родиял-лаһу ъанһу) батылдығына таң қалған император: «Мені маңдайымнан сүйесің бе? Сонда сені азат етемін»,-дейді. Сонда Әбу Хузафа (родиял-лаһу ъанһу): «Мені және барлық тұтқынды»,-деп шарт қояды. Император келісімін береді...

Тұтқыннан азат етілген мұсылмандар Мадинаға келгенде халифа Омар (родиял-лаһу ғанһу): «Әрбір мұсылман Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүюге тиіс. Соның біріншісі өзім боламын»,-деп Абдуллаһ ибн Хузафаны (родиял-лаһу ғанһу) маңдайынан сүйеді.

Толығырақ ...

Нәбидің с.ғ.с. дәуіріндегі азаншылар. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

«Пайғамбардың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) азаншылары» десе ең алдымен ойға Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу) келеді. Алайда, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде азаншы болған үш сахаба болды. Солар кімдер?

Жауап: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде азаншы болған үш сахаба:

- Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу). Исламды бірінші болып қабылдағандардың бірі.

Биләл ибн Рабах (родиял-лаһу ғанһу) Умаййа ибн Халәфтың құлы болатын. Мұсылман болғанын айтқан кезде Умаййа ибн Халәф оны қатты азаптайды. Соған қарамастан Биләл (родиял-лаһу ғанһу) діннен қайтпайды. Кейін оны Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) сатып алып құлдықтан азат етеді.

Намазға азан айту үрдісі пайда болғанда Биләлді (родиял-лаһу ғанһу) азаншылыққа Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) өзі таңдаған болатын;

- Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу).

Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу) – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші зайыбы, мүминдердің анасы Хадишаның (родиял-лаһу ғанһа) туыс бауыры.

Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу) көзі көр болатын. Осы себептен адамдар оны «ас-сұхба», яғни «көзі көр болу себебінен Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көрмеген, бірақ онымен сұхбаттасқан» деп атайтын.

Бірде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) құрайштықтардың үлкендерімен сұхбаттасып тұрғанда жанына Абдуллаһ ибн Умму Күлсум (родиял-лаһу ғанһу) келіп Құранның аяттарын оқып беруін өтінеді. Сол кезде адамдармен әңгімелесіп тұрған Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қабағын түйіп одан теріс қарайды. Осы оқиғаға қатысты «Абаса» сүресінің бастапқы 14 аяты түсіріледі.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Биләлмен (родиял-лаһу ғанһу) бірге Абдуллаһ ибн Умму Күлсумды (родиял-лаһу ғанһу) азаншы етіп тағайындаған болатын. Сондықтан олар кезектесіп бірі азан шақырып, екіншісі намаздың қоматын айтатын.

Рамазанның кезінде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Биләл (родиял-лаһу ғанһу) азан айтқаннан кейін Ибн Әби Күлсум азан айтқанға дейін ішіп-жеңдер»,-деген болатын.

Абдуллаһ ибн Умму Күлсумның (родиял-лаһу ғанһу) дінге ықыластылығы соншалық, ол көзі көр болғанынан қарамастан Құранды ең жақсы білетіндердің бірі болып әрі Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде бірнеше ғазауатқа қатысып мұсылмандардың жалаугері болатын.

Абдуллаһ ибн Умму Күлсумды (родиял-лаһу ғанһу) Омардың (родиял-лаһу ғанһу) халифалық дәуірінде 636 жылы парсылармен болған Қадисия шайқасында шаһид болады. Сол шайқаста да Абдуллаһ ибн Умму Күлсумды (родиял-лаһу ғанһу) әдеті бойынша мұсылмандардың туын ұстаған еді;

- Әбу Махзура (родиял-лаһу ғанһу). Дауысы көркем сахабаның бірі. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Хунайн ғазауатынан Меккеге қайтып келе жатып жолда Әбу Махзураға (родиял-лаһу ғанһу) азан етуді бұйырған болатын. 

Әбу Махзура (родиял-лаһу ғанһу) Меккеде һижри 59-шы қайтыс болды.

Толығырақ ...

Қыбла өзгергеннен кейін не болды? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Мұсылмандардың қыбласы Иерусалимдегі Байтүл-Мақдистен Меккедегі Қағбаға өзгертілгеннен кейін қандай елеулі оқиға орын алды?

Жауап: Мұсылмандардың қыбласы Қағбаға өзгертілгеннен кейін Бәдр ғазауаты болды.

Бұл ғазауат «Ғазауату Бәдр Әл-Улә» (алғашқы Бәдр ғазауаты) немесе «Ғазауату Суфйан» (Суфйан Бәдр ғазауаты) деп аталады.

Суфйан – алқап атауы. 

Алғашқы Бәдр ғазауаты һижри екінші жылы болды.

Толығырақ ...

Мұсылмандардың Қыбласы өгеруі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бастапқы да Мадинада мұсылмандардың қыбласы Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті болғаны мәлім. Кейін қыбла Меккедегі Қағбаға өзгертілді.

Сұрақ: мұсылмандардың қыбласы Әл-Ақсадан Қағбаға қай кезде өзгертілді?

Жауап: мұсылмандардың бірінші Қыбласы Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті болды.

Әуеліде намазда Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне жүзді қарату – намаздың шарты болды. Алайда, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қыбла Қағба болуын қалады. Дегенмен, Алла Тағаланың әмірі болғаннан соң намазын Иерусалимдегі Байтүл-Мақдиске қарап оқитын. Осыған қатысты Барра ибн Ғазиб (родиял-лаһу ғанһу):

وكان يُحب أنْ يوجّه إلى الكعبة

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) намазды Қағбаға қарап оқуды қалайтын»,-деген.

Мекке дәуірінде осылай болды. Кейін Меккеден Мадинаға һижрат еткеннен кейін де 18 ай бойы (бір риуаяттарда 16-17 ай делінген) мұсылмандар намаздарын Иерусалимдегі Байтүл-Мақдиске оқыды. Кейін һижри екінші жылдың ражәб айында аср намазы барысында Алла Тағала қыбланы Меккедегі Қағбаға өзгертуды бұйырды. Осы кезден бастап мұсылмандар намаздарын Қағбаға қарап оқи бастады.

Қыбланың өзгеру жылы мен айы мәселесінде ғалымдардың басым көпшілігі һижри екінші жылдың ражәб айын айтқан. Намаз мәселесінде де ғалымдардың басым көпшілігі аср намазын атаған. Бірақ ғалымдардың арасында қыбланың нақты ауысқан күні мәселесінде түрлі пікір бар. 

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) заманында Бәни Сәлим мешіті деп аталған мешіт, қыбла ауысқаннан кейін «Мәсжидүл-Қибләтайн» (екі қыбла мешіті) деп аталып кеткен. Бұл мешіт Мадинаның солтүстік-батыс тарапында орналасқан.

Толығырақ ...

Пайғамбардың мешіті салынуы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинадағы мешіті қай жылы салынды? 

Жауап: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинадағы мешіті һижри бірінші жылы салынды. Ол кезде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Әбу Айюбтың (родиял-лаһу ғанһу) үйінде тұратын.

Толығырақ ...

Ғайбат пен өсек оразаны бұза ма? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Рамазанның кезіндегі ғайбат пен өсек оразаны бұза ма? 

Жауап: бұл мәселеге қатысты ғалымдар түрлі пікір айтқан. Мәселен, мүминдердің анасы Айша (родиял-лаһу ғанһа): «Ғайбат оразаны бұзады»,-десе, Аузағи мен Саури бұл көзқарасты қолдаған. Дегенмен, жумһур ғалымдар, яғни ғалымдардың басым көпшілігі ғайбат пен өсек оразаны бұзбағанымен оразаның дәрежесі мен сауабын кемітеді деген.

Толығырақ ...