Пайғамбарымыздың с.ғ.с. отбасы жайында. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл сұрақ Ислам тарихы, нақтырақ айтар болсақ ардақты Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарихына қатысты. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) о дүниелі болғаннан кейін оның отбасы мүшелерінен бірінші болып кім пәнилік болды?

Бұл сұраққа жауап беруде Ниязтай Болаұлы мен Қуат Қабдолда бауырларымыз белсенділік білдірді. Дегенмен, бірінші болып жауабын берген Ниязтай Болаұлы бауырымыз. Алла Тағала разы болсын!

Сұрақтың жауабы: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) отбасы мүшелерінен бірінші болып пәнилік болған – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қызы Фатима (родиял-лаһу ғанһа).

Жалпы Фатима анамыздың (родиял-лаһу ғанһа) о дүниелі болуы тарихына қатысты түрлі пікір айтылған. Кейбір деректерге сүйенер болсақ ол һижри 11 жылы, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қайтыс болған болғаннан кейін алты айдан соң көз жұмған. Анығы Алла Тағалаға мәлім! Дегенмен, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) отбасы мүшелерінен бірінші болып пәнилік болған Фатима анамыз (родиял-лаһу ғанһа) екені анық.

Толығырақ ...

Дүниеде бір ғана адам орындай алатын ғибадат түрі. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл ғажап нәрсе! Дінімізді бір ғана құлшылықтың түрі. Оны сен орындап жатқаныңда өзге ешкім орындай алмайды. Сен орындап болғаннан соң, оны басқа біреу орындайды. Ол сол құлшылығын орындап бітпейінше кезде жер жүзіндегі оны орындау басқа ешкімге нәсіп емес. Ол қандай ғибадат?

Бұл сұраққа Қуат Қабдолда мен Ниязтай Болтаұлы бауырларымыз бірінші болып жауап берді.

Енді баршаға сұрақтың жауабын жариялаймыз! Дүниеде бір ғана адам орындай алатын ғибадат түрі – Қағбадағы Қара тасты сүю.

Қағбаны тауаф еткен сәтте Қара тасты бір ғана адам сүей алады. Кейін құлшылықтың бұл түрі кезек бойынша келесі мұсылманға нәсіп.

 

Қара тасты сүю – қажылықтың сүннет амалына жатады.

Толығырақ ...

Тасқа қатысты үш сұрақ. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

1. Тастан не жаратылды?

Тастан Алла Тағала Самуд халқына елшісі етіліп жіберілген Солих пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) түйесі жаратылды.

Самуд қауымы тарих сахынасына Ғад қауымынан кейін шығады. Ғад қауымы күпірліктері себебінен Алла Тағаланың қаһарына ұшырады. Алла Тағала Ғад қауымына Құранда «сорсор» деп аталған жел жіберіп, ол жел жеті күн және сегіз түн тоқтамай тұрады. Нәтижеде Ғад қауымының күпірлері жатқан жерлерінде қатып өледі.

Самуд қауымына келер болсақ, олардың табынатын бір жартасы болатын. Солих (ғаләйһис-саләм) оларды жартасқа табыну арқылы Алла Тағалаға серік қосудан ескертеді. Сонда қауымы: «Ей, Солих! Сен расында пайғамбар болсаң, онда Тәңірің мына жартастан ботасы бар әңген шғарып берсін»,-дейді.

- Егер дегенеріңдей болса, Алла Тағалаға иман келтіресіңдер ме?

- Әрине!

Толығырақ ...

Қабылдың құралы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Адамның (ғаләйһис-саләм) ұлы Қабыл бауыры Һәбілді өлтіреді. Сондағы оның өлтіру құралы не еді?

Жауабы: Алла Тағала «Мәида» сүресінің 30-шы аятында:

فَطَوَّعَتْ لَهُ نَفْسُهُ قَتْلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُ فَأَصْبَحَ مِنَ الْخَاسِرِينَ

«Нәпсісі Қабылға бауырын өлтіруге итермеледі. Нәтижеде Қабыл бауырын өлтіріп зиынға ұшырағандардан болды»,-деген.

Имам Табари (рохматуллаһи ғаләйһи) «Тарихында »және имам Жәузи (рохматуллаһи ғаләйһи) «Әл-Мунтазамда» Қабыл бауырын таспен басынан ұрып өлтіргені жайында айтқан. Имам Ибн Кәсир де (рохматуллаһи ғаләйһи) тафсирінде Суддиден (родиял-лаһу ғанһу) келтірген риуаятында осы жайында айтқан.

Толығырақ ...

Үнемі жерге қарап жүретін жәндік. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Кеше: «Үнемі жерге қарап жүретін бір жәндік бар. Ол қандай жәндік?»,-деген сұрақты жариялаған болатынбыз. Бүгін соның жауабын айтамыз!

Ол – доңыз.

Доңыз ара-арасында төбеге қарағаны болмаса, негізінде төмен қарап жүреді.

 

Доңыз – жәндіктердің ең ласы!

Толығырақ ...