Ғұмырды ұзартса бола ма? Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл сұрақ алдыңғы сұрақтың жалғасы десе де болады.

Ажал Хақ Тағаланың белгілеуімен болады дедік. Ол бұрын болмайды және кешіктірілмейді. Дегенмен, дінде «ұзақ ғұмыр кешу» деген ұғым бар. Соны қалай түсінеміз?

Жауап: өткен сұрақтың жауабында адамның өмір мөлшері Хақ Тағаланың белгілеген тағдырымен байланысты болатыны жайында айтқан болатынбыз. Демек, пенде 30, 70, тіпті 100 жыл өмір сүреме, бұл пешенесіне жазылғанмен байланысты. Сол пешенесне жазылған ғұмыр мөлшері кемімейді және артпайды. Мәселен, «Ағраф» сүресінің 34-ші аятында Алла Тағала былай деген:

وَلِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ فَإِذَا جَاء أَجَلُهُمْ لاَ يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً وَلاَ يَسْتَقْدِمُونَ

«Әрбір үмметтің белгіленген мерзімі бар. Олардың ажалы келгенде олар оны бір сағатқа да кешіктіре алмайды және бұрын болдыра алмайды». («Аль-Аграф», 34 аят)»

Дегенмен, дінімізде, дәлірек айтсақ хадисте адам өмірін ұзартса болатыны жайында айтылған. Қалайша?

Ғалымдар айтады: «Ризық-несібе мен ажал – жазылып белгіленіп қойған. Сондықтан қанша жас белгілен болса, пенде сонша өмір сүреді. Осы себептен пенде ғұмырының мөлшері жыл санымен емес, бәлкім берекемен байланысты».

Ал «береке» дегеніміз не? Адал жолмен табылған ризық-несібе – береке. Ғұмрын құлшылықпен өткізу – береке. Шариғатқа сай жақсы ниетте болып, соған сай амал ету – береке. Бұл бір мәселе!

Келесі мәселе! Біреулердің ғұмыры оның тірі шағымен шектелместен, ол дүние салса да жалғаса береді. Қалайша дейсіз бе? Оның артында оған Ақыретке дейін сауаптың баруына себеп болатын амал қалдырып кетеді. Осыған қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

إِذَا مَاتَ ابْنُ آدَمَ انْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلاَّ مِنْ ثَلاَثٍ: صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ، أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعَ بِهِ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ

«Адам баласы өлсе оның үш амалынан өзге амалының бәрі тоқтайды: жария садақа (ел игiлiгiне мешiт, жол, мектеп салу), көпке пайдасы тиетiн бiлiм, артынан дұға қылатын игi ұрпақ». (Муслим) 

Демек, адам ғұмырының мөлшері жыл санымен емес ізгі амалмен өлшенеді екен! Сондықтан көп өмір сүргіңіз келсе – көп игі амал істеңіз!

Толығырақ ...

Ұзақ өмір сүрудің сыры. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ұзақ өмір сүрудің сырын білесіз бе?

Жауап: бұл сұрақтың жауабы тым оңай.

Жыл саны тұрғысынан алғанда ұзақ өмір сүрудің сыры – Хақ Тағаланың белгілеген тағдырында. Жаратушы Ие қанша белгілесе сонша өмір сүресіз. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала:

لِكُلِّ أُمَّةٍ أَجَلٌ إِذَا جَاء أَجَلُهُمْ فَلاَ يَسْتَأْخِرُونَ سَاعَةً وَلاَ يَسْتَقْدِمُونَ 

«Әр қауымның белгіленген ажал уақыты бар. Сол уақыт келсе өлім бір сәтке де кешіктірілмейді және бұрын бомайды»,-деген.

Толығырақ ...

Ризық-несібенің берекесін кетіретін төрт нәрсе. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ризық-несібенің берекесін кетіретін төрт нәрсе бар. Сол не нәрсе?

Жауап: ризық-несібенің кемітетін төрт нәрсе:

- азанда күн шығып жатқанда ұйықтау.

- намаз оқымау.

- жалқаулық. 

- қиянат.

Толығырақ ...

Ризық-несібені берекелі ететін төрт нәрсе. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ризық-несібені молайтатын төрт нәрсе бар. Сол не нәрсе?

Жауап: ризық-несібені молайтатын төрт нәрсе:

- таһәжжүд намазы.

- көп истиғфар айту.

- көп садақа беру. 

- азанда және кешке сүннетке сай зікір-дұғаларды оқу.

Толығырақ ...

Һижри жылдың бастапқы айы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бүгінгі сұрақ та һижри жылнамаға қатысты.

Һижри жылнама қай кезден бастау алғанын анықтадық. Келесі кезекте мына мәселені анықтасақ: һижри жылдың бастапқы айы мухаррам айы.

Сұрақ: егер һижри жылнама Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға қоныс аудару жылынан бастау алса неге жыл басы ретінде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) һижра еткен рабиғүл-аууәл айы емес, мухаррам айы алынды?

Жауап: Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат етуді мухаррам айында ниет еткен болатын. Омар ибн Хаттабтың (родиял-лаһу ғанһу) халифалық дәуірінде мұсылмандар жыл басы ретінде мухаррам айын таңдаудың мәнісі осы.

Толығырақ мына сілтемеден қараңыз: 

http://www.nurotau.kz/index.php/ma-alalar/item/1878-һижри-жылнаманың-бірінші-айы

Толығырақ ...

Һижри жылнаманың басталуы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бүгінгі сұрақ һижри жылнаманың қалыптасуына қатысты.

Мұсылмандық жылнаманың қалыптастыру мәселесінде мұсылмандар назарға төрт тарихи жағдайды алған болатын:

1. Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дүниеге келу жылы.

2. Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығы басталған жылы.

3. Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат ету жылы.

4. Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қайтыс болған жылы.

Сұрақ: мұсылмандық жылнаманың негізі ретінде осы төрт жағдайдың қайсысы негізге алынды?

Жауап: мұсылмандық жылнаманың негізі ретінде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат еткен жылы алынды. 

Толығырақ мына сілтемеден қараңыз:

http://www.nurotau.kz/index.php/ma-alalar/item/1869-һижри-жылнаманың-тарихы

Толығырақ ...