Мұсылмандардың бірінші Қыбласы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Намазда жүзденіп тұратын тарапты шариғатта «Қыбла» деп айтады. Исламның бастапқы дәуірінде мұсылмандар Меккедегі Қағбадан басқа тарапқа қарап намаз оқығаны белгілі.

Сұрақ: Меккедегі Қағба қыбла болудан бұрын мұсылмандардың қыбласы қай жер болатын?

Бұл сұраққа бірінші болып Нұралы Османұлы жауап берді. Алла Тағала разы болсын!

Жауабы: мұсылмандардың бірінші Қыбласы Иерусалимдегі Әл-Ақса мешіті болды.

Әуеліде намазда Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне жүзді қарату – намаздың шарты болды. Алайда, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қыбла Қағба болуын қалады. Дегенмен, Алла Тағаланың әмірі болғаннан соң намазын Иерусалимдегі Байтүл-Мақдиске қарап оқитын. Осыған қатысты Барра ибн Ғазиб (родиял-лаһу ғанһу):

وكان يُحب أنْ يوجّه إلى الكعبة

Толығырақ ...

Мұсылмандық сәлемдесу. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бүгінгі күні ғасырлар бойы ата-бабасы мұсылман болған қазақ бір-бірімен қалай амандасып жүр? Сәлеметсіз бе? Амансыз ба? Қалайсың? Сәлем? Привет! Здрасьте! Тағысы тағы бар. Кейде тіпті сәлем ұғымындағы сөзде айтпай бір-бірімен жабысып сүйісе кететін бір-біріне бөтен жігіттер мен қыздар бар?! Бұл көбінесе студенттер арасында кездеседі. Осының бәрі діні мен тарихын білмеуден туындап жатса керек? Болмаса, «Сәлеметсіз бе? Амансыз ба?» деген сәлемдесу үлгісі әдептілік нышаны ғана. Ал мұсылмандық «ас-саләму аләйкум» деп сәлем беру мен «уа ғаләйкумус-саләм» деп жауап беру те әдептілік нышаны ғана емес, түп негізінде осы сәлем арқылы біз бір-бірімізге Хақ Тағаланың сәлемін, яғни амандығын мен жақсылығын тілеп жатамыз. Осыдан асқан әдептілік, осыдан артық дұға-тілек бар ма?

«Ас-саләму аләйкум - уа ғаләйкумус-саләм» деген дұға-тілектің қадірін білген сахабалар (родиял-лаһу ғанһум) тек осы дұғаның шарапатына қол жеткізу мақсатында базарға барып, сондағы адамдардың бәрімен амандасып шығатын. Ал біз ше?... Бір жұлдыз біз жаққа қарай қалса, соған мәзбіз. Сол жұлдыз сенің ақшаңды алғаны болмаса, саған не беріпті?

Жә, айта берсең әңгіме көп. Енді мәселенің өзегіне өтейік! Мұсылмандық сәлемдесу әдебі қалыптасқан Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде «ас-саләму аләйкум» деген сәлемді Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші болып естіген бір сахаба болды. Сол сахаба кім? 

Жауабы: «Ас-саләму аләйкум» деген сәлемді Пайғамбарымыздан (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші болып естіген бір сахаба – Әбу Зарр Ғифари (родиял-лаһу ғанһу).

Толығырақ ...

Ислам мемлекетінің екінші астанасы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Бұл сұрақ алдыңғы сұрақтың қисынды жалғасы. Мадина Мунаууара һижри 36-шы жылға дейін мұсылмандардың астанасы болды дедік. Келесі сұрақ: мұсылмандардың Мадина Мунаууарадан кейінгі астанасы қай жерге және кімнің кезінде ауыстырылды? 

Мұсылман халифатының екінші астанасы Ирактағы Куфа шаһары болды. Бұл елеулі өзгеріс һижри 36-шы жылы төртінші әділ халифа Әли ибн Әби Толибтің (родиял-лаһу ғанһу) бұйрығымен болды.

Толығырақ ...

Ислам мемлекетінің бірінші астанасы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Ислам мемлекетінің бірінші астанасы қай жерде болды және ол қай кезде ауыстырылды?

Өкінішке орай бұл сұраққа ешкім жауап бермеді.

Құрметті әлеумет! Сұрақтың жауабын білсеңіздер, жауабын жазып жариялай берсеңіз дұрыс. Ұялмаңыздар, рия болады деп ойламаңыздар! Жоғарыда айтқанымыздай «Діни сауалнама» айдары мұсылмандардың ілім деңгейін көтеруді көздейді. Сондықтан сауабы мол игі амалдан құр қалмаңыздар!

Енді сұрақтың жауабы: Ислам мемлекетінің бірінші астанасы – Мадина Мунаууара.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Мадинада 10 жылдам астам уақыт тұрақтады.

Толығырақ ...

Пайғамбарымыздың с.ғ.с. ең көп айтқан дұғасы. Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Құдай қаласа, қасиетті Рамазан да келіп қалды! Рамазанның қассиеттілігі баршылық. Осыған сай бүгінгі сұрағымыз: Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазан айында көп айтқан дұғасы бар. Ол қандай дұға және Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оны көп айтудың мәнісі?

Жауабы: негізі Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Рамазан айында құлшылықта және дұға-тілекте ерекше ыждағатты болғаны мәлім. Дегенмен, өзге дұғаға қарағанда бір дұға бар, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оны көп айтуды өсиет етіп, нақты уақытын да баян еткен. Ол – Қадір түні оқылатын дұға.

Имам Тирмизи (рохматуллаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Айша анамыз (родиял-лаһу ғанһа) айтады:

قُلْتُ يَارَسُولَ اللهِ أَرَأَيْتَ إِنْ عَلِمْتُ أَيَّ لَيْلَةٍ لَيْلَةُ الْقَّدْرِ مَا أَقُولُ فِيهَا قَالَ قُولِي اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي

Толығырақ ...

Күнәнің бір түрі бар екен осы кезге дейін ешкім істемеген?! Жауабы...

Өз-өзіңді шыңда!

Күнәдан барынша сақтану – имандылықтың белгісі. Дегенмен, пенде қанша сақтанғанымен күнә істемей жүре алмайды. Ол күнәні білместіктен де істеуі мүмкін. Сондай-ақ, осы күнге дейін Алла Тағала: «Бұл – күнә! Бұны істемеңдер!»,-деп атап көрсеткеннің бәрі бірде қасақана, бірде білместіктен істелініп келе жатыр. Пенде күнә істеуден қайтсын ба?! Алайда осы кезге дейін бірде-бір пенде істемеген күнәнің бір түрі бар. Ол қандай күнә?

Бұл раққа жауап беруде Абдулахад Сманов бауырымыз белсенділік білдіріп дұрыс әрі нақты жауап берді. Алла Тағала Абдулахад бауырымыздың іліміні арттырсын!

Енді сұрақтың жауабы: Алла Тағала «Әхзаб» сүресінің 53-ші аятында былай деген:

وَمَا كَانَ لَكُمْ أَن تُؤْذُوا رَسُولَ اللَّهِ وَلَا أَن تَنكِحُوا أَزْوَاجَهُ مِن بَعْدِهِ أَبَدًا إِنَّ ذَلِكُمْ كَانَ عِندَ اللَّهِ عَظِيمًا

Толығырақ ...