Ғибрат!

Юсуф пайғамбардың (ғаләйһис-саләм) бауырлары оны өлтіруін қалған еді, Юсуф (ғаләйһис-саләм) өлмеді.

Кейін бауырлары оның атын өшіруін қалаған еді, Хақ Тағала Юсуфтың (ғаләйһис-саләм) атын әлемге паш етті.

Біреулер Юсуфты (ғаләйһис-саләм) құлдыққа сатқан еді, Алла Тағала оны азат етіп, уәзір етті.

Тұжырым: пенделер білгенін істесін, айналып келгенде Алла Тағаланың қалағаны болады. Мәселе – пенденің істегені Хақ Тағаланың разылығына лайық болуында!

Толығырақ ...

Нәресте шетінесе...

Екі перзенті қайтыс болған Әбу Хассан (родиял-лаһу ғанһу) Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шетінеп кеткен нәрестелер жайында айтқан хабары жайында сұрағанда, Әбу Һурайра (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мына сәлемдемесін айтып сүйіншіледі: «Ерте шетінеген нәрестелер – жәннаттың кенжетайлары. Қияметте олар ата-аналарымен кездеседі және олар, Алла Тағала оларды және ата-аналарын жәннатқа кіргізбейінше, ата-аналарының киімдерінен (немесе қолынан) ұстап тұрады». (Муслим)

Толығырақ ...

ЖЕТІ ЖАҒДАЙДА СӨЗ ҚОЗҒАМА

1. Кедейдің қасында дүниең туралы.

2. Науқастың алдында деніңнің саулығы жайында.

3. Әлсіздің алдына күш-қуатың жайлы.

4. Жолы болмай жүрген кісінің алдында бақытты екенің турады.

5. Түрмедегі кісінің алдында бостандығың жайында.

6. Бедеу кісінің алдында балаларың туралы.

7. Жетімнің алдында әке-шешең жайлы.

Егер осылардың алдында осы сөзді айтар болсаң – оларды пышақсыз бауыздағаның.

Толығырақ ...

Сахабалар осындай еді!

Бір күні Әбу Зарр (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) азаншысы Биләлға (родиял-лаһу ғанһу): «Ей, қараның баласы!»,-дейді. Сонда Биләлдің (родиял-лаһу ғанһу) ашуы келіп: «Мен бұл дегеніңді Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтамын»,-дейді.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) болған жағдайды естігенде ашуланып: «Ей, Әбук Зарр! Сенің бойыңда әлі надандық бар екен»,-дейді.

Бұл кімнің айыптауы еді? Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм)!

Қателескенін түсінген Әбу Зарр (родиял-лаһу ғанһу) жылап: «Уа, Расулуллаһ! Мен үшін Алла Тағаладан кешірім тілеңізші»,-деп мешіттен шығып кетедіде Биләлдің (родиял-лаһу ғанһу) алдында жерге жатып: «Құдай ақы! Жүзімді аяғыңмен таптамайынша басымды жерден көтермеймін»,-дейді. Мұны көрген Биләл (родиял-лаһу ғанһу) көзіне жас алып Әбу Заррды (родиял-лаһу ғанһу) бетінен сүйедіде: «Құдай ақы! Алла Тағалаға бір рет сәжде еткен бетті аяғыммен баса алмаймын»,-деп Әбу Заррды р.д.ғ. жерден тұрғызады. Осы жерде екі сахаба құшақтасып көз жасына шомиды.

Сахабалар осындай еді!

Толығырақ ...

Амалдардың қасиеті

- Хақ Тағаланы зікір ету. Зікір – Жаратушы Иені еске алу. Ал зікірдің абзалы – «лә иләһә илләл-лаһ» кәлимасы.

- Истиғфар айту. Истиғфар – Алла Тағаладан көп кешірім тілеу. Истиғфар күнәдан тазартып, ризық-несібені молайтады.

- Тасбих айту. Тасбих – Хақ Тағаланы ұлықтау. Тасбих пенденің дәрежесін өсіреді.

- Намаз оқу. Намаз – пенденің Алла Тағаламен байланысы.

- Дұға ету. Дұға – қажеті Алла Тағаладан тілеу. Қажетін Хақ Тағаладан тілеген пенде оның ерекше назары мен рахметіне ілігеді.

- Садақа беру. Садақа – тән мен жанды пәктеп, Хақ Тағаланың қаһарын басады.

- Ата-анаға жақсылық істеу. Алла Тағаланың разылығы – ата-ананың разылығында, ашуы – ата-анаың ашуында.

- Жақын-туыспен байланыста болу. Хақ Тағала жақын-туыспен қатынаста болғанмен қатынаста болып, жақын-туыспен қатынасын өзгенмен қатынасын үзеді.

- Жақсы пейілде болу. Игі ниет – жақсылықтың жартысы. Жақсы пейіл – жарым ырыс.

- Құран оқу. Құран оқыған адам Хақ Тағаламен сөйлескен болады.

- Салауат айту. Салауат айту – жақсылық тілеу. Алла Тағала Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бір мәрте салауат айтқанға он жақсылық береді.

- Хақ Тағала жайында жақсы ойда болу. Алла Тағала: «Пенде мені қандай деп ойласа, мен сондай боламын»,-деген.

- Жақсылықтан күдер үзбеу. Жақсылықтан күдер үзбеу – имандылықтың сипаты. Алла Тағаланың жақсылығынан тек имансыз көдер үзеді.

- Сабырлы болу. Сабыр түбі – сары алтын.

- Тағдырға разы болу. Тағдырға разы болу – Алла Тағалаға разы болу. Ал тағдырына разы болған пендеге Алла Тағала да разы.

Толығырақ ...