Дін жолында соғысудан да ауыр іс!

Дін жолында соғысудан да ауыр іс!

Дін жолында соғысуды армандайтындарға! Неге осы кейбіреулер жиһадты тек қолға автоматты алып, айналадағыларды қыру деп түсінеді? Сонда «жиһад» ұғымы тек адам қанын төгумен шектелгені ме?! Ал өзгені емес, бәлкім алдымен өзін тәрбиелеу, кеудені басып өзгелерге қызмет ету, өзін өзгелерден артық, жоғары көрмеу, ойды жаман пейілден, тілді жаман сөзден тыю – жиһад емес пе?! Тіпті бұл жиһадтың жиһады емес пе?! 

«Мен – мұсылманмын» деп айта салу оңай. «Мен – мұсылманмын» қағидаға сай өмір сүру – қиын. Бұл екінің бірінің қолынан келмейтін шаруа. Осы себептен ғалымдар: «Дінмен өмір сүру дін жолында жан тапсырудан әлдеқайда қиын»,-деген.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға