Алланың өзі де рас, сөзі де рас!

Алланың өзі де рас, сөзі де рас!

Мынау әлеуметтік желіден алынған сурет. Суретті фейсбукке салған азамат айтуынша мына мысық таң намазының жамағатынан қалмайды. Алғашқыда адамдар оны мешіттен қанша қуса, мысық мешіттегі ағаш ұстындарға шығып алады екен. Мешіттен кетпейтініне көзі жеткеннен соң адамдар оны жайына қойған. Бір қызығы намаз кезінде мысық сапта тұрған намазхандардың арасына барып тұрады. Сонымен қатар дуалдағы Құран аяттарына көз салады екен.

«Нұр» сүресінің 41-ші аятында Хақ Тағала осы жағдайға қатысты:

لَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُسَبِّحُ لَهُ مَن فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالطَّيْرُ صَافَّاتٍ كُلٌّ قَدْ عَلِمَ صَلَاتَهُ وَتَسْبِيحَهُ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِمَا يَفْعَلُونَ 

«Көктер мен жердегінің барлығы әрі қатар-қатар ұшқан құстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазы мен тәсбихін біледі. Алла Тағала олардың істегенін толық білед»,-деген.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға