Зүл-қағда айындағы ораза

Зүл-қағда айындағы ораза

Зүл-Қағда айында ораза ұстау мустахаб, яғни шариғат оң көрген амалға жатады.

Мужиба Әл-Баһилия (родиял-лаһу ъанһа) өзінің әкесі немесе әке жағынан болған туысынан риуаят етеді: «Ол (әкесі немесе әке жағынан болған туысы) Нәбимен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жүздесіп, кейін бір жылдан соң келеді. Оның ахуалы мен түрі өзгеріп кеткен болады. Ол: «Уа, Расулуллаһ! Мені таныдыңыз ба?»,-дегенде Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Сен кімсің?»,-деп сұрайды.

- Мен өткен ылы сізге келген Баһилимін ғой.

- Былтыр сымбатты едің. Түріңді не өзгертіп жіберген?

- Сізден кеткеннен кейін мен тек түнде астанатын болдым.

Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Неге өз-өзіңді сонша қинап қойдың?»,-деп, кейін: «Сабыр айында және әр айда бір күн ораза ұста»,-деді.

- Көбейтіңіз. Менің шамам одан артығына жетеді.

- Онда әр айда екі күн ораза ұста.

- Көбейтіңіз.

- Онда үш күн ораза ұста.

- Көбейтіңіз.

Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үш қайтара: «Онда қасиетті айларда ауыз бекітіп, кейін ауыз а»,-деді. Сол сәтте Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үш саусағын баста біріктіріп, кейін араларын ажыратып ишара етті». (Әбу Дауд) 

Жалпы, қасиетті Рамазан айынан тыс уақытта ораза устау – сауапты іс. Қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Тек бір нәрсені есте сақтау керек! Рамазаннан тыс айларда ай бойы тұтас ауыз бекітуге болмайды. Себебі, тұтас ораза ұстайтын бір ғана ай бар. Ол – қасиетті Рамазан айы.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға