Мың тілектің орнын басатын дұға

Мың тілектің орнын басатын дұға

Айша анамыз (родиял-лаһу ъанһа) айтады: «Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бiр iспен маған кiрген уақытта мен намаз оқып тұрған болатынмын. Мен намаз оқып кiдiру себебiмнен Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Уа, Айша! Сен өзiне барлық тiлектi қамтыған дұғаны оқысаң дұрыс болар едi»,-дедi. Мен намаз оқып болғаннан кейiн: «Уа, Расулуллаһ! Сiз айтқан дұғаңыз қандай?»,-деп сұрадым.

- Сен тiлегенде былай тiле:

اللّهُمَّ! إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنَ الْخَيْرِ كُلِّهِ، عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ، مَاعَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعْلَمْ. وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الشَّرِّ كُلِّهِ، عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ، مَاعَلِمْتُ مِنْهُ وَمَا لَمْ أَعْلَمْ. اللّهُمَّ! إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ مَا سَأَلَكَ عَبْدُكَ وَنَبِيُّكَ. وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَاعَاذَ بِهِ عَبْدُكَ وَنَبِيُّكَ. اللّهُمَّ! إِنِّ أسأَلُكَ الْجَنَّةَ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْ عَمَلٍ. وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ وَمَا قَرَّبَ إِلَيْهَا مِنْ قَوْلٍ أَوْ عَمَلٍ. وَأَسْأَلُكَ أَنْ تَجْعَلَ كُلَّ قَضَاءٍ، قَضَيْتَهُ لِي، خَيْراً 

«Уа, Тәңiрiм! Мен Сенен қазiргi уақыт пен болашақта болатын, мен бiлген және бiлмеген барлық жақсылықты нәсiп етуiңдi сұрап, қазiргi уақыт пен болашақта болатын, мен бiлген және бiлмеген барлық жамандықтан пана тiлеймiн. Әрi жәннат пен оған жақындататын сөз бен амалды нәсiп етуiңдi сұрап, тозақ пен оған жақындататын сөз бен амалдан пана тiлеймiн. Мен Сенен Мухаммад сұрағанды сұрап, ол пана тiлеген нәрседен пана тiлеймiн. Тағдырыма белгiлеген нәрсенiң соңын қайырлы ете гөр». (Бухари, «Әл-Адаб әл-муфрад»)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға