Ана жүрегі

Ана жүрегі

Әкесі қайтыс болғаннан кейін артында қалған жалғыз баласы қарт анасын қарттар үйіне апарып тапсырадыда, кейін апта сайын зиярат етіп тұрады. Осылай біршама уақыт өтеді.

Күндердің күнінде қарттар үйінен балаға анасының жантәсілім халінде жатқаны жайында хабар жетеді.

Анасын соңғы сәтте көріп қалайын деген бала кешікпестен қарттар үйіне жетіп келеді. Келсе анасының тынысы тарылып жатыр. Баласы анасының қолын ұстап жүрегі қысылып: «Анашым!»,-деген сәтте анасы көзін ашып емескі дауыспен: «Балам! Келдің бе, құлыным? Саған айтар бір өтінішім бар»,-дейді.

- Иә, анашым! Тыңдап тұрмын, айтыңыз!

- Айтайын дегенім – мына қарттар үйіне бір желдеткіш орнатып берсең. Содан соң мұнда бір тоңазытқыш керек. Сол тоңазытқыш болмау себебінен бірнеше рет тамағым ашып кетіп аш жаттым. 

Анасының бұл бұйымтайын естіген баласы таңданып: «Анашым! Неге бұл қажеттеріңізді ертерек айтпадыңыз?»,-дегенде анасының демі құрып бара жатып айтқаны: «Балам! Мені қойшы, сабыр етемін ғой. Сені мазалағым келмеді. Ал енді айтпасыма ылаж жоқ. Сені де балаларың осында тапсырып қалса желдеткіш және тоңазытқышсыз күнің не болмақ. Қиналып қаласың ғой, құлыным...».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға