Жетпіс жеті жазу

Жетпіс жеті жазу

Жаны жайсаң жамағат, жүзі жылы жақсылар және жалынды жастар.

Жаңа жыл жаңашылдыққа, жақсылыққа жетелесін.

Жаратқанымыз жарылқап, жер жаһанды жасампаздық жауласын.

Жүрегімізде жылулық жоғалмай, жаманшылық, жоқшылық жоламасын.

Жанұямызға жылулықтың «жаңбыры» жауғай. Жастарымыз жұмыс жасап, жұртымызды жоғарылатсын.

Жігерлі, жүректі жігіттеріміз жасқанбасын, жұдырықтай жұмылып, жомарттылық жасасын.

Жайқалған жауқазындай «Жібектеріміздің» жанарын жәутеңдетпей, жат жүрістің жолын жабайық.

Жаңа жыл жемісін жегізсін. Жұлдызыңыз жарқырап, жақсылықты жағалап жүрейік.

Жанымыздағы жүзі жылы жандардан жабығып-жабырқамайық. 

Жалғыздық жоғалсын. Жақсылыққа жеткізер жүрісімізден жаңылмайық!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға