Рамазан айы қандай ай?

Рамазан айы қандай ай?

Рамазан – жақсылық, берекет, рақымдылық, кешірім, тозақтан құтылу айы.

Рамазан – сауап маусымы.

Рамазан – жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылу айы.

Рамазан – түні бойы намазда тұрып Алла Тағаланың кешіріміне қол жеткізу айы.

Рамазан – Құран айы. Жай кезде Құранның әрбір әрпіне он сауап берілсе, ораза кезінде сауап жеті жүз есе, тіпті одан да артық беріледі.

Бұл айтылғанға Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мына сөзі дәлел:

مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَاناً وَاحْتِسَاباً غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Кiм Рамаза найында шын иман және ықыласпен намаз оқыса, оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi». (Муслим)

مَنْ صَامَ رَمَضَانَ إِيمَاناً وَاحْتِسَاباً غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Кiм Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi». (Бухари)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға