Хақ Тағаладан медет сұрау құралы

Хақ Тағаладан медет сұрау құралы

Алла Тағала «Бақар» сүресінің 45-ші аятында:

وَاسْتَعِينُواْ بِالصَّبْرِ وَالصَّلاَةِ

«Алла Тағаладан сабыр және намаз арқылы медет тілеңдер!»,-деген.

Кейбір ғалымдардың айтуынша бұл аяттағы «сабыр» сөзі «ораза» дегенді білдіреді. Өйткені оразаның «сабырлық» деген ұғымы бар. (Ибн Жәрир тафсирі)

Осыған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

الصيام نصف الصبر

«Ораза – сабырдың жартысы»,-деген сөзін келтірсе болады. (Ибн Мажәһ)

Демек, біз ораза және намаз арқылы Хақ Тағаладан медет сұрау маусымы қарсаңында тұрмыз. Хақ Тағаланың өзі: «Сабыр және намаз арқылы менен медет тілеңдер!»,-деп тұрса, неге Жаратушы Иеміздің талабына бойсұнбасқа?!

Хақ Тағала қасиетті Рамазан айын намаз оқып, ауыз бекітумен өткізуімізді нәсіп етіп, қамқорлығынан мақұрым етпесін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға