Оразашының иісі

Оразашының иісі

Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: «Алла Тағала үшін оразашының ауызының иісі мисктің иісінен артық». (Ахмад)

Күні бойы тамақ ішпеу себебінен ораза ұстаған адамның аузынан жағымсыз иіс шығады. Сол иіс Хақ Тағала үшін мисктің иісінен артық. Мухаддистердің (хадис ғалымдарының) бұл сөзге қатысты сегіз түрлі пікір бар. Соның ішінде үш түрлі пікір басымды тәрізді.

Бірінші пікір: Ақыретте Аллаһ Тағала сол жағымсыз иістің есесіне мисктен де абзал, хош иісін тіпті миі сезінетін әтір сыйлайды. Бұл пікір айқын. Әрі бұл мәселеде пікірталас жоқ.

Екінші пікір: Қиямет күні адамдар қабірден тұра бастағанда ораза ұстағандардың ауызынан хош иіс шығып тұрады. Бұл ораза ұстағанның белгісі болады.

Үшінші пікір әуелгі пікірден абзал. Ол: Аллаһ Тағала осы дүниеде-ақ ауыз бекіткен адамның аузынан шыққан иісті жақсы көруі.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға