Қадір түні Жәбрәил ғ.с. келсін десең...

Қадір түні Жәбрәил ғ.с. келсін десең...

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Қадір түні Жәбрәил (ғ.с.) періштелердің бір тобымен түсіп Хақ Тағаланы тұрып немесе отырған халде зікір еткен пенде үшін дұға етеді»,-деген.

Жәбрәилдің (ғ.с.) періштелермен түсуі жайында Құранда айтылған. Мұны растайтын хадистер де баршылық. «Ғалиятүл-Мауаъиз» кітабында Хазірет Абдул-Қадир Жиләнидің (рохматул-лаһи ғаләйһи) «Ғуния» кітабынан Ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадис келтірілген. Онда: «Жәбрәилдің (ғ.с.) әмірі бойынша періштелер жан-жаққа тарап, онда әрбір мүминнің үйіне, орманға кіреді. Тіпті періштелер бармаған судағы қайық қалмайды. Сөйтіп ондағы мүминдермен қол алысады. Періштелер тек ит, доңыз, сурет немесе жүнуб болған (яғни жыныстық қатынастан кейін бастан-аяқ шомылмаған) халде зинақор бар үйге кірмейді»,-делінген. Сән үшін сурет іліп, өз-өзін Алла Тағаланың рахметінен мақрұм етіп жатқан қаншама мұсылман бар. Суретті ілетін біреу. Алайда соның себебінен үйішінің барлығы үйге періште кіру нығметінен құр қалып жатады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға