Сахабалар осындай еді!

Сахабалар осындай еді!

Бір күні Әбу Зарр (родиял-лаһу ғанһу) Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) азаншысы Биләлға (родиял-лаһу ғанһу): «Ей, қараның баласы!»,-дейді. Сонда Биләлдің (родиял-лаһу ғанһу) ашуы келіп: «Мен бұл дегеніңді Нәбиге (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтамын»,-дейді.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) болған жағдайды естігенде ашуланып: «Ей, Әбук Зарр! Сенің бойыңда әлі надандық бар екен»,-дейді.

Бұл кімнің айыптауы еді? Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм)!

Қателескенін түсінген Әбу Зарр (родиял-лаһу ғанһу) жылап: «Уа, Расулуллаһ! Мен үшін Алла Тағаладан кешірім тілеңізші»,-деп мешіттен шығып кетедіде Биләлдің (родиял-лаһу ғанһу) алдында жерге жатып: «Құдай ақы! Жүзімді аяғыңмен таптамайынша басымды жерден көтермеймін»,-дейді. Мұны көрген Биләл (родиял-лаһу ғанһу) көзіне жас алып Әбу Заррды (родиял-лаһу ғанһу) бетінен сүйедіде: «Құдай ақы! Алла Тағалаға бір рет сәжде еткен бетті аяғыммен баса алмаймын»,-деп Әбу Заррды р.д.ғ. жерден тұрғызады. Осы жерде екі сахаба құшақтасып көз жасына шомиды.

Сахабалар осындай еді!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға