Адамдардың айыбын жасыру керек!

Адамдардың айыбын жасыру керек!

Өзгелердің айыбын жасыру керек, себебі Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

مَنْ سَتَرَ مُسْلِماً سَتَرَهُ اللهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

«Кiм бұл дүниеде мұсылманның айыбын жасырған болса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады».(Тирмизи)

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» демекші, күнә-айыпсыз пенде болмайды. Себебі күнә істеу, қателесу – адамзатқа тән нәрсе. Осы жағдайда мына пәниде өзгенің айыбын жасырған пенденің айыбы Қияметте жасырылады. Яғни, Алла Тағала өзгенің кемшілігін жасырған пендесінің есеп-қисабын жеңілдетіп, кемшілігін өзгелерден жасырады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға