Тілдің қасіреті!

Тілдің қасіреті!

Қияметте пәниде тілі зікірден босамаған пенде сұраққа тартылып, амал кітабы оқылып, амалы таразыға салынғанда, күнә жағы басым келгенін көріп сілейіп қалады. Сол сәтте оның: «Неге? Неге? Неге?»,-дегеннен өзге сұрағы болмайды. Ол аз болғандай оның пәниде жиған бар сауабы біреуге беріліп жатады. Сол кезде де оның: «Неге? Неге? Неге?»,-дегеннен өзге сұрағы болмайды. Ол аз болғандай біреудің жаман қылығы оның таразысына салынып жатады. Ол тағы да: «Неге? Неге? Неге?»,-деп мелшиіп қалады.

Мұның сыры неде?

Жауап: бар мәселе дененің «тіл» деген бір ғана мүшеге ие болу. Алла Тағала пенде ішінен шығармаған ойы мен пейілі үшін жазаламайды. Тіпті, хадисте айтылғандай пенде бір жаман істі ниеттеніп, бірақ оны істемесе, Алла Тағала оның амал кітабына: «Бір игі амал істеді»,-деп жазып қоюын әмір етеді. Әділ де, рақымды Хақ Тағала денеден тыс шыққан амал үшін жазалайды. Сондай амалдың бірі – сөз, ал оған себепкер – тіл. Тіл – бір ғана түйір ет болғанымен, одан шыққан сөздің салмағы – тым ауыр. Ауырлығы соншалық, тіпті намаз, ораза, зікір т.с.с. маңызды ғибадат түрлерін мардымчсыз етеді. Сондықтан тілге ие болайық, құрметті ағайын!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға