Үш түрлі мұсылман

Үш түрлі мұсылман

Жаратушы Ие «Фатыр» сүресінің 32-33 аятында былай деген:

ثُمَّ أَوْرَثْنَا الْكِتَابَ الَّذِينَ اصْطَفَيْنَا مِنْ عِبَادِنَا فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِنَفْسِهِ وَمِنْهُمْ مُقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌ بِالْخَيْرَاتِ بِإِذْنِ اللَّهِ ذَلِكَ هُوَ الْفَضْلُ الْكَبِيرُ جَنَّاتُ عَدْنٍ يَدْخُلُونَهَا

«Сосын Кітапты өзіміздің таңдаулы құлдарымызға мұра еттік. Олардың ішінде өздеріне зұлымдық ететіндері, орташа болғандар және Алланың қалауымен игілік істеуде озатындар болады. Міне, осы – ұлы мәрхамет.Олар ғадын жаннаттарына кіреді».

Бұл аяттағы:

- өздеріне зұлымдық ететіндері – Құранға толық бойсұнбайтындар.

- орташа болғандар – көбінде Құранға бойсұнғандар.

- игілік істеуде озатындар – Құранға барынша бойсұнғандар.

Осы аяттың тафсирінде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):

هؤُلاَءِ كُلّهُمْ بِمنْزلَةٍ وَاحِدَةٍ وكُلّهُمْ في الجَنّة

«Осының бәрі – бір орында, барлығы да - жәннатта»,-деген.[1]



[1]‏تحفة الأحوذي للمباركفوري، 46 - كتاب تفسير القرآن عن رَسُولِ الله صلى الله عليه وسلم، 1841 - باب ومن سورة الملائكة، الحديث رقم 3344

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға