Жүрек тілмен айтқанын растауы

Жүрек тілмен айтқанын растауы

Әрбір мұсылман құлшылықта ықыласты болып, парыздарды орындап, Алла Тағаланың арам еткенінен тыйылуы тиіс. «Жүрегі тілмен айтқанын растау» дегеніміз осы! Осы халде жантәсілім болған пенде міндетті түрде жәннатқа кіреді. Ал иманы бола тұрып күнә істеген және сол күнәдан тәубе етпестен көз жұмған пенденің ахуалы қандай болмақ?

Хауариждер үлкен күнәні істегенді кәпір десе, муғтәзилдер үлкен күнә істеген мәңгі дозақы дейді. Бұл екі көзқарас Алла Тағалаға жала жапқанмен тең.[1] Сондықтан мұндай көзқарас әһлүс-суннә уәл-жәмаға ұстанымына қайшы. Әһлүс-суннә уәл-жәмағаның бұл мәселедегі ұстанымы: күнәһар мүмин пенде Алла Тағаланың қалауында болады – Хақ Тағала қаласа ондай пендесін күнәсіна сай жазалайды, қаласа Өз кеңшілігімен кешіріп жәннаты етеді.



[1]فيض القدير، شرح الجامع الصغير

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға