Не күшті? Иман ба, нәпсі ме?

Не күшті? Иман ба, нәпсі ме?

Мүмин пенденің ғұмырын өмір бойына созылған күреспен салыстырса болады. Бұл күрес – иман мен нәпсі күресі. Майданы – пенденің жүрегі. Осы майданда иман мен нәпсі пенде үшін оның соңғы деміне дейін күреседі әрі сол күресте иман пендені жәннатқа тартса, нәпсі тозаққа сүйрейді. Бұл күресте не жеңеді? Иман ба, әлде нәпсі ме? Бар мәселе пенденің таңдауында! Қияметте Хақ Тағаланың разылығы мен Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) шапағатына лайық болуын қалаған пенде иманын шариғат талабына сай ізгі амалмен қуаттандырады әрі бұл ісінде Хақ Тағалаға сүйенеді. Сол сүйенудің бірден-бір бейнесі – үнемі Алла Тағаланы еске алып, дұға-тілекте болу. Себебі:

اَلدُّعَاءُ سِلاَحُ الْمُؤْمِنِ وَعِمَادُ الدِّينِ وَنُورُ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ

«Дұға – муминнiң қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң нұры».

Хадистi Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ғанһу) Имам Хаким және Имам Әш-Шәукәни риуаят еттi.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға