Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену

Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену

Бүгінгі күні күрделі әрі шиеленісті мәселе жеткілікті. Мысал ретінде жылдан-жылға өрбіп бара жатқан қылмыс санын алайық. Сол қылмысты болдырмау үшін қоғам түрлі заң шығарады, полиция мен көшедегі камера санын көбейтеді. Тағысы тағы бар. Алайда, қылмыс саны жылдан-жылға көбеймесе азайып жатқан жоқ. Бұл күрделі мәселені шешудің бірден-бір жолы – адамдар өлгеннен кейін қайта тірілуіне сендіру қажет. Дәл осы сенім көптеген адамды қылмыстан тоқтатары сөзсіз. Өйткені өлгеннен кейін қайта тірілуіне сенген адам жазадан құтыла алмайтынын нақ біледі, қылмыстың жазасы бұл дүниеде болмаса да о дүниеде берілетініне шәксіз сенеді. Сондықтан ол қылмысқа бармайды.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға