Зұлымдықтан тыйылу маусымы

Зұлымдықтан тыйылу маусымы

Құдай қаласа, ертең Зүл-Қағда айы басталады.

Зүл-Қағда – һижри жылсанағының қасиетті айларының әуелгісі.

Қасиетті айларға зүл-қағда, зүл-хижжә, мухаррам және ражәб айлары жатады әрі осы төрт айдың ішінде зүл-хижжә жыл соңы болса, мухаррам – жыл басы болып есептеледі.

«Қағда» (قعدة) сөзбе-сөз «отыру» деген мағынаны білдіреді. Арабтар бұл айды былай атаудың  мәнісі: осы айда олар өзара соғысу мен жанжалды доғаратын. Ал мұның мәнісі: алда келе жатқан қажылық маусымына әзірлік ету. Оған қоса ол кезде бүгіндегідей ұшақ, поезд тәрізді көлік жоқ. Сапар апта, ай бойына созылатын. Сондықтан зүл-қағда айында соғысты тоқтатудың тағы бір мәнісі: алыстағы, көрші елдердегі адамдарға қажылықты орындау мүмкіндігін беру.

Арабтар жәһилият заманында зүл-қағда айын дәріптеудің деңгейі: зүл-қағда айында қантөгістің қандай түріне болмасын тиым салынатын. Сол себептен біреу зүл-қағда айында тіпті әкесін, бауырын өлтірген біреуді көрсе оған тиіспестен кек қайтаруды кейінге қалдыратын.

Ислам мәселесіне келер болсақ, Хақ Тағала қасиетті айларында зұлымдыққа тиым салып «Тәуба» сүресінің 36-шы аятында:

فَلاَ تَظْلِمُواْ فِيهِنَّ أَنفُسَكُمْ

«Қасиетті айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер»,-деген. 

Осы себептен қасиетті айларда, соның ішінде зүл-қағда айында қандай бір зұлымдық істеу өзге айларда зұлымдық істеуден әлде қайда аур күнә болып есептеледі. Сондықтан мұсылман пенде қасиетті айларда зұлымдық істеуден барынша сақтанады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға