Елордамыздағы семинар жалғасуда

Елордамыздағы семинар жалғасуда

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан семинар өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінге дейін семинар тыңдаушылары педагогика, психология, заманауи педагогикалық менеджмент тақырыбында жаңа форматтағы бірқатар лекциаларды тыңдап үлгерді. Сонымен қатар семинардың мәдени бағдарламасы да жүзеге асырылып жатыр.

«Өмірдің ақпараттық, техникалық, саяси, экономика салалары күнделікті дамып, өзгеріп жатыр. Осыған орай Елбасымыз Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» бағдарламасы бағытында даму стратегиясын қоғамымыздың барлық саласына еңгізіп, дамытуды тапсырып отыр. Бүгінгі Қазақстан медреселерінің ұстаздарына арналған семинар – соның бір көрінісі. Бұл семинар медресе ұстаздарының біліктілігі мен тәжірибелерін ұштайды деген сенімдеміз»,-дейді семинар лекторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Ибраева Күлән Жаппарқызы. 

Шымкент медресе-колледжінің оқытушысы Караева Қызылгул өзінің семинардан алып жатқан әсерімен бөлісіп былай дейді: «Елордамыз Астанада өтіп жатқан мына екі апталық семинардан алып жатқан әсеріміз ерекше. Еліміздегі медресе ұстаздарына арналған мұндай форматтағы семинар алғашқы рет өтіп жатқанын ерекше айтқым келеді. Біз үшін маңызды нәрсе – медресе ұстаздары жаңа заманауи форматта дәріс беру әдістерін танып-білуі. Осының өзі бүгінгі ғылым мен техника дамыған заман талабына сай шара деп ойлаймын. Еліміздің медресе ұстаздары осындай семинардың болуын көптен күткен болатын. Мемлекетіміздің біз жиырма жыл бойы қызмет атқарып келе жатқан салаға осындай қолдай көрсетіп жатқанына көп алғысымызды айтамыз әрі болашақта медресе ұстаздарының біліктілігін арттыратын осындай іс-шаралар жалғасын табады деген үміттеміз».

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға