Түсінемін, қарындасым!

Түсінемін, қарындасым!

Түсінемін, саған қиын, қарындасым,

"Заманауи қыздардың" соңындасын.

Саған кейбір тентектер тиіседі,

Себебі сен Құдайдың жолындасың.

Түсінемін, саған қиын, қарындасым,

Қиындыққа иманың алынбасын!

Ту сыртыңнан сөйлейді әлдекімдер,

Себебі сен Құдайдың жолындасың.

Айналайын, діні бір қарындасым,

Алмағайсың орамал жамылғасын.

Тентектердің тәртіпсіз қылығына,

Сабырменен жүрегің дамылдасын!

Түсінемін, саған қиын, қарындасым... 

Azamat Bitan

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға