Нағыз мұсылман

Нағыз мұсылман

Нағыз мұсылман:

- Жолын он қара мысық кесседе – алған бағытынан қайтпайды.

- Үйден шыққаннан кейін үйінде бір затын ұмытқанын есіне түсірсе кері қайтып затын алып ниеттенген жағына қайта шығады.

- Жолда қолында бос шелегі бар әйелді кездестірсе «жолым болмайтын болды» демейді.

- Өзге мұсылмандармен «ас-саләму аләйкум» деп амандасудан ұялмайды.

- Түннің жарымында болсада ақшаны қолға ұстатады.

- Кедей болуын ысқырғаннан көрмейді.

- Жерге тұз шашылғаннан жамандық күтпейді.

- Сынған айнадан өз кескінін көрсе «өлетін болдым» демейді.

- Дастарханның басында 13 адам отырғанына қарамастан «Бисмиләһ» деп алдындағы асын жей береді.

- Бірдеңе бола қалса «жаман болады» деп өзін де, өзгені де шошытпайды. Себебі... 

Себебі шынайы мұсылман жақсылық пен жамандықты жаратылғаннан емес, бәлкім Жаратушы Хақ Тағаладан күтеді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға