Еймендіктің жүректілігі

Еймендіктің жүректілігі

Оқиғаға куә болған Таус ибн Кәйсан (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Өзінің жендеттігімен белгілі болған Хажжәж ибн Юсуф умра амалын орындау үшін шығады. Хажжәж жанында нөкерлері болады.

Тауафты орындау барысында Хажжәж Ибраһим (ғаләйһис-саләм) мақомының жанында екі рәкәғат намазын оқу үшін тұрғанда нөкерлері қаруларын жерге қояды.

Хажжәж екі рәкәғат намазын оқып, мақомның жанында отырған кезде тауафты орындап жатқан йемендік бір адам Ибраһим (ғаләйһис-саләм) мақомының жанынан өтіп бара жатады. Ол мақомның жанында Хажжәждің отырғанын білмеген еді. Еймендікті көрген әскер Хажжәжды қоршап тұра қалады да йемендік ұстап қалу әрекеті үстінде Хажжәждың үстіне құлайды. Мұндай кенеттек болған жағдайдан шошып кеткен Хажжәж: «Ұстаңдар оны!»,-деп бұйырады. Нөкерлері еймендікті шап береді. Сонда Хажжә: «Оны бері алып келіңдер!»,-дейді.

Нөкерлері йемендікті алдына алып келгенде Хажжә: «Сен менің кім екенімді білесің бе?»,-деп сұрады.

- Жоқ, білмеймін.

Сонда Хажжәж одан: «Еймендегі сендердің әміршілерің кім?»,-деп сұрайды.

- Мухаммад ибн Юсуф, Хажжәдің бауыры, дәл сол ағасы тәрізді, тіпті одан өткен залым.

- Сен мен сол Мухаммадтың ағасы екенін білмедің бе?

- Сен Хажжәжсің бе?

- Иә.

- Сен де, бауырың да қандай сұрқия едіңдер.

- Йемендегі менің бауырымның ахуалы қалай?

- Мен Ейменнен кетіп бара жатқанымда ол семіз, мешкей еді.

- Мен сенен оның денсаулығы жайында емес, оның әділдігі жайында сұрап тұрмын.

- Ол – әділетсіз әрі залым.

- Ол менің бауырым екенін білмедің бе? Сен менен қорқасың ба?

- Ей, Хажжәж! Баурың сенен абыройлы дейсің бе? Қазір жалғыз Алла Тағаланың алдында тұрған менен абыройлы дейсің бе?» 

Таус (рохматул-лаһи ғаләйһи) осы жерде: «Йемендіктің Хажжәжға айтқан сөзін естіп тұрған менің төбе шашым тік тұрды»,-деп, кейін әңгімесін жалғастырып былай деді: «Хажжәж йемендікті еркіне жіберді, ал Хақ Тағаладан өзгеден қорықпаған еймендік тауафын жалғастырды». 

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға