Ммм, қиналып кеттім дейсің бе?...

Ммм, қиналып кеттім дейсің бе?...

Ақша жетпейді. Баға қымбат. Базарға барсаң таразыдан жейді. Жарық, газ т.б. бағасы шарықтап барады. Құдай ауырпасын! Ауырсаң – ауырып бір қиналасың, емделіп бір қиналасың. Дәрі болса қымбат.

Осының бәрі мезі етті ме?

Бүгінгі күні көп адам осыны ойлап: «Неге осылай болып кетті?»,-дейді де жауап таба алмай қиналады. Ал негізі бұл сұрақтарға жауап беру тым жеңіл!

Дүниедегі барша қиыншылық пен ауырпашылық – адамдардың күнәсі салдарынан. Ол: имансыздық, қиянат, көреалмаушылық, зұлымдық т.с.с.

Алла Тағала айтады:

وَمَا أَصَابَكُمْ مِنْ مُصِيبَةٍ فَبِمَا كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ

«Бастарыңа келген бір ауыртпашылық қолекі істегендеріңнің салдарынан». («Шура», 30 аят)

ظَهَرَ الْفَسَادُ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِي النَّاسِ لِيُذِيقَهُمْ بَعْضَ الَّذِي عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ 

«Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар алған беттерінен қайтар». («Рум», 41 аят)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға