Омардың (родиял-лаһу ғанһу) жауаптылығы

Омардың (родиял-лаһу ғанһу) жауаптылығы

Омар ибн Хаттаб (родиял-лаһу ғанһу) халифалыққа тағайыннан соң бөлмесіне әйелі кіріп қалады. Қараса Омар (родиял-лаһу ғанһу) (родиял-лаһу ғанһу) өксіп жылап отыр. Мұны көрген әйелі зәресі ұшып: «Не болып қалды?»,-деп сұрайды. Сонда Омар (родиял-лаһу ғанһу) былай деп жауап береді: «Мен жауапкершілігіме Мухаммадтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметін алдым. Мен қарыны аш пақыр, науқас, жалаңаш, зұлымдыққа ұшыраған, жолаушы, тұтқын, қарттар жайында ойланып, Раббым солар үшін мені сұраққа тартатынын білдім. Содан қорыққанымнан көзімді жас жаулады...».

Алла Тағала Омарды (родиял-лаһу ғанһу) рахмет етсін!

Омарды (родиял-лаһу ғанһу)...

Әлемнің жартысын билеген. Патша бола тұрып жамау-жамау шапанмен жүрген және шаршаса жерге жатып ұйықтай салған. Негізгі асы нан мен зайтун майы болу себебінен іші үнемі қорылдаған. Сол қорылдаған қарнына қарап: «Қорылдасаң да, қорылдамасаң да, мұсылман балдары қарынын тойдырмайынша еттің дәмін сезбейсің»,-деген. Қиметтегі сұрақтан қорқу себебінен көп жылап, екі бетінде жастың ізі таңбаланған. Жұрттың ахуалын білу мақсатында түн жамылып көшелерді аралаған.

Алла Тағала осы Омарды (родиял-лаһу ғанһу) рахметіне бөлесін! 

Билік – дәреже, мансап – абырой емес! Билік иелері осыны түсінсе еді бүгінгі күннің көптеген мәселесі шешімін табар еді!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға