Банкрот пенде

Банкрот пенде

Әбу Һурайра (родиял-лаһу ғанһу) айтады:

أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: أَتَدْرُونَ مَا الْمُفْلِسُ؟ قَالُوا: الْمُفْلِسُ فِينَا مَنْ لاَ دِرْهَمَ لَهُ، وَلاَ مَتَاعَ، فَقَالَ: إِنَّ الْمُفْلِسَ مِنْ أُمَّتِي يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِصَلاَةٍ وَصِيَامٍ وَزَكَاةٍ وَيَأْتِي قَدْ شَتَمَ هَذَا وَقَذَفَ هَذَا وَأَكَلَ مَالَ هَذَا وَسَفَكَ دَمَ هَذَا وَضَرَبَ هَذَا فَيُعْطَى هَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ وَهَذَا مِنْ حَسَنَاتِهِ فَإِنْ فَنِيَتْ حَسَنَاتُهُ قَبْلَ أَنْ يُقْضَى مَا عَلَيْهِ أُخِذَ مِنْ خَطَايَاهُمْ فَطُرِحَتْ عَلَيْهِ ثُمَّ طُرِحَ فِي النَّارِ

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Зиянға ұшырап, дәрменсiз болған кiм екенiн бiлесiңдер ме?»-деп сұрағанда, адамдар: «Бiздiң арамыздағы шығынға ұшырап, дәрменсiз болған ол ақшасы мен дүниесi болмаған адам»-деп жауап бердi.

- Менiң үмметiмнен зиянға ұшырап, дәрменсiз болған, ол Қиямет күнi намаз, ораза және зекетiмен келген адам. Сонымен қатар ол бiреудi сөксе, екiншiсiн қаралаған. Бiреудiң малын жеп, екiншiнiң қанын төккен. Тағы бiреуге қол көтерген. Жасаған зұлымдығы себебiнен оларға оның сауабы берiледi. сауабы iстеген зұлымдығының ақысын өтей алмайтын болса, сауабы бiткеннен кейiн, оған зұлымдыққа ұшырағандардың қателерi берiледi. Сөйтiп соңында тозаққа тасталады». (Муслим)

…намаз, ораза, зекетiмен келгеняғни, оқыған намаздың, ұстаған оразаның және берген зекеттiң сауабымен келген. Бұл хадис қазылық пен басшылықты адал атқармағандарға да қатысты. 

Алла Тағала Қияметте борышкер (банкрот) болудан сақтасын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға