Неге иттің саны қойдың санынан аз?!

Неге иттің саны қойдың санынан аз?!

Біреулер бір ғалымнан сұраған екен: «Ит бір тұғанда 7-8 күщік туса, ал қой кейде екі, бірақ көбінде бір қозы туады. Оған қоса күніге мыңдаған қой бауыздалып жатады. Соған қарамастан қой иттен көп. Мұның сыры неде?»,-деп. Сонда ғалым: «Міне, берекет деген осы!»,-деп жауап берген екен.

- Олай болса қойда береке болудың сырын айтсаңыз!

- Қой ерте жатып, ерте тұрады. Оның жатқан жерінен тұрған уақыты Хақ Тағаланың рахметі жауған стке дөп келеді. Ал ит болса түні бойы иесінің малын қорып, азанда ұйықтайды да нәтижеде Алла Тағаланың берекетінен мақұрым қалады.

Хақ Тағала «Зарият» сүресінің 20-21 аяттарында:

وَفِي الْأَرْضِ آيَاتٌ لِلْمُوقِنِينَ وَفِي أَنفُسِكُمْ أَفَلَا تُبْصِرُونَ

-«Нақ сенушілер үшін жер жүзінде Алла Тағаланың көптеген аяттары бар. Сол дәлелдер өз бойларыңда да бар. Соны көрмейсіңдер ме?»,-деген.

Расында да, бір ит пен қойдың өзінде ойланған адам үшін көптеген ғибрат бар.

Біріншіден: ит әр 2-3 айда күщік туса, қой жылына бір рет, кей жағдайда екі рет тауады. Оған қоса ит кемінде 2-3 күщік туса, қой көп жағдайда бір қозы туады.

Екіншіден: Корея, Қытай тәрізді итті жейтін кейбір мемлекеттер болмаса, адамзаттың басым көпшілігі итті азық етпейді. Ал қойды жемейтін қауым жоқ. Оған қоса, кейбір деректерге қарағанда, қазіргі уақытта жылына жержүзінде 550 млм. қой желінеді екен. Бұл – жыртқыштардың тісіне ілінбеген қой саны. Соған қарамастан қой саны ит санынан әлде қайда басым.

Таң мезгіліндегі Хақ Тағаланың берекеті мәселесіне келер болсақ, Әбу Дауд (рохматул-лаһи ғаләйһи) риуаят еткен хадисте Сахр Әл-Ғамиди (родиял-лаһу ғанһу) былай деген:

قالَ رسولُ الله صلى الله عليه وسلم: الّلهُمّ بَارِكْ لأمّتِي في بُكُورِهَا، قالَ: وَكَانَ إِذَا بَعَثَ سَرِيَّةً أَوْ جَيْشاً بَعَثَهَا مِنْ أَوَّلِ النَّهَارِ، وَكَانَ صَخْرٌ رَجُلاً تَاجِراً، وَكَانَ يَبْعَثُ تِجَارَتَهُ مِنْ أَوَّلِ النَّهَارِ، فَأَثْرَى وَكَثُرَ مالُهُ

«Нәби (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Уа Тәңірім! Үмметіме күннің бастапқы бөлігінде берекеңді нәсіп ете гөр»-деп дұға ететін. Сонымен қатар, Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) әскерді, не болмаса бір жамағатты бір жерге жіберетін болса, оларды күннің бастапқы бөлігінде жіберетін».

Сахр Әл-Ғамиди (родиял-лаһу ғанһу) саудамен айналысатын. Ол да затын саудаға азанымен шығарып, нәтижеде бай болып, дүниесі молайып кеткен болатын.

Осы айтылғанға дана қазақтың: «Ерте тұрған әйелдің – бір ісі артық. Ерте тұрған еркектің – ырысы артық»,-дегенінен өзге қосарымыз жоқ!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға