Сүйінші!

Сүйінші!

Алла Тағаланың разылығы үшін бір-бірімізді сүйіншілейік! Мұның өзі – ардақты Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннеті.

Рамазан келгенде Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үмметін сүйіншілеп былай дейтін:

قد جاءكم رمضان شهر مبارك افترض الله عليكم صيامه تفتح فيه أبواب الجنة وتغلق فيه أبواب الجحيم وتغل فيه الشياطين فيه ليلة خير من ألف شهر من حرم خيرها فقد حرم

«Міне, берекелі Рамазан да келді. Алла Тағала сендерге Рамазан айының оразасын парыз етті. Рамазанда жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады және бұл айда шайтандар кісенделеді. Рамазанда мың айдан қайырлы түн бар. Сол түннің жақсылығынан мақұрым қалған бар жақсылықтан мақұрым қалған болады». (Ахмад)

Ғалымдардың айтуынша бұл хадис – адамдар бір-бірін оразаның келуімен құттықтауға негіз бола алады. Расында да, мүминді жәннаттың есігі ашылумен, күнәһарды тозақтың есіктері жабылумен және ақылы барды шайтанның кісенделумен қалайша құттықтамасқа?! ( Ибн Ражәб, «Ләтаифүл-мағариф»)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға