Рамазанды асыға күткен...

Рамазанды асыға күткен...

Мұсылмандардың бастапқы буындары Рамазанды асыға күтіп Алла Тағаладан Рамазан айына жеткізуді және ораза айын құлшылықпен өткізуді нәсіп етуін тілейтін. Муғаллә ибн Әл-Фадл (рохматул-лаһи ғаләйһи) айтады: «Олар алты ай бойы Алла Тағаладан Рамазанға жеткізуін, кейін алты бойы оразалары қабыл болуын тілейтін». ( Ибн Ражәб, «Ләтаифүл-мағариф»)

Құдайға шүкір, бүгін де Рамазанды асыға күтетіндер аз емес! Олардың оразаға деген сағынышын құлшылықтағы ыждғаттылық пен игілік істеудегі жомарттықтарынан байқаса болады.

Алла Тағала баршамызға қасиетті Рамазан айын сағына күтуді нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға