Рамазан айының ең үлкен сүйіншісі

Рамазан айының ең үлкен сүйіншісі

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

وَهُوَ شَهْرٌ أَوَّلُهُ رَحْمَةٌ وَأَوْسَطُهُ مَغْفِرَةٌ وَآخِرُهُ عِتْقٌ مِنَ النَّارِ

«Бұл бірінші бөлігі – Хақ Тағаланың рахметі, екінші бөлігі – Оның кешірімі, үшінші бөлігі – тозақтан азат болу айы».(Бухари, Муслим)

Рамазанның бастапқы он күндігінде Алла Тағаланың рахметі мен нығметі молая түседі әрі бұл барша мұсылманға нәсіп. Осы үшін шүкіршілік еткен пенделер үшін Алла Тағаланың да рахметі молая түседі. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала: «Егер шүкіршілік етсеңдер, бергеннің үстіне беремін»,-деген. («Ибраһим» сүресі, 7 аят)

Рамазанның рахмет бөлігі өткеннен кейін, оның сыйы мен құрметі кешірімнен басталады. Тозақтан азат болу мәселесіне келер болсақ, көп хадисте оразадан соң тозақтан азат етілудің сүйіншісі жайында айтылған.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға