Рамазан келгенде неге қуанамыз?

Рамазан келгенде неге қуанамыз?

Мұсылман Ақырет үшін өмір сүреді. Сондықтан ол басты мәселеде жиған-терген дүниесіне емес, Ақыретте нәсіп болатын сауапқа қуанады. Бұл мәселеге қатысты Алла Тағала былай деген:

قُلْ بِفَضْلِ اللّهِ وَبِرَحْمَتِهِ فَبِذَلِكَ فَلْيَفْرَحُواْ هُوَ خَيْرٌ مِّمَّايَجْمَعُونَ

«Уа, Мұхаммед! «Олар Алланың кеңшілігі және рахметіне қуансын. Өйткені ол олардың жиған-тергенінен қайырлы»,-де». («Юнус», 58-аят)

Ал мұсылман үшін Рамазаннан артық сауап маусымы жоқ. Себебі Рамазан – Хақ Тағаланың рахметі жауған ай. Өйткені Рамазан – Алла Тағалаға бойсұну дәурені. Осыған қатысты Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

افعلوا الخير دهركم وتعرضوا لنفحات رحمة الله فإن لله نفحات من رحمته يصيب بها من يشاء من عباده

«Өмір бойы жақсылық істеп, Алла Тағаланың рахметі лебіне ұмтылыңдар! Ақиқатында Хақ Тағаланың рахмет лебі бар әрі Алла Тағала оны қалаған пендесіне нәсіп етеді».(Табарони)

Рамазан айының оразасы – Алла Тағала рахметінің бір лебі екенінде шәк жоқ! Ондай болса пешенемізге ораза ұстау жазылса, неге Хақ Тағаланың рахметі нәсіп болғанына қуанбасқа!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға