Менің ұсынысым

Менің ұсынысым

Менің: «Ораза ұстағандарды «оразашы» деп атап, «оразашы» деген ұғым-сөз қалыптастыру керек»,-деген ұсынысым бар.

Әрине, біреу: «Қазақта «оразашы» деген ұғым немесе сөз бар ма?»,-деп айтуы әбден мүмкін. Олай болса кезінде қазақта шопыр (шофер), банкир, бизнесмен т.с.с. деген сөз болмаған. Соған қарамастан қазақтар еш ойланбастан, бір-біріне: «Қазақта ондай сөз болмаған»,-демей-ақ сол сөздерді қолданып жүр.

Дін саласына келер болсақ, қазақтың «намаз» сөзі парсыдан алынып, содан бүгінгі күні кеңінен қолданыста болған «намазхан» сөзі пайда болған. «Ораза» сөзі де түп негізінде қазақ сөзі емес.

Жә... Негізі бұл тым маңызды мәселе емес. Жәй, әңгіме болсын дегенім ғой.

Бірақ, расында да, неге «намазхан» сөзі тәрізді «ораза ұстаған, ораза ұстаушы, ораза ұстайтын» деп сөз тіркесін көбейтпей-ақ бір сөзбен «оразашы» дей салса қысқа да, нұсқа болмай ма?!

Сіз не дейсіз?

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға