Рамазанның әуелгі түнінде не болатынын білесің бе?

Рамазанның әуелгі түнінде не болатынын білесің бе?

Бүгін, яғни Рамазанның алғашқы түнінде жақсылық есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады әрі шайтандар кісенделеді.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады:

إِذَا جَاءَ رَمَضَانُ، فُتِّحَتْ أَبْوَابُ الْجَنَّةِ، وَغُلِّقَتْ أَبْوَابُ النَّارِ، وَصُفِّدَتِ الشَّيَاطِينُ

«Рамазанкелгенде жәннаттың есiктері ашылып, тозақ есiгi жабылады әрі шайтандар кiсенделедi».

Имам Әл-Қади хадиске түсініктеме беріп айтады: «Жәннаттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылуы және шайтандардың кісенделуі Рамазан кіргеннің әрі бұл айға деген үлкен құрметтің белгісі болуы ықтимал. Ал шайтандар мүминдерге зиян тигізіп, азғырмаулары үшін кісенделеді. Сонымен қатар, жәннаттың есіктері жабылып, тозақ есіктерінің ашылуы сауап пен кешірімнің мол болып, шайтандардың азғыруы кемуіне меңзеуі мүмкін». («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға