Рамазанда күнәсі кешірілмеген...

Рамазанда күнәсі кешірілмеген...

Кәъб ибн Ғүжра (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «...Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бізге: «Мінбарға жақындаңдар!»,-дегеннен соң біз мінбарға жақындадық. Кейін Ол (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірінші баспалдағын басып: «Әмин!»,-деді. Екінші баспалдағын басқанда да: «Әмин!»,-деді. Кейін үшінші баспалдағын басып тағы да: «Әмин!»,-деді. Расулулла (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) уағыз айтып, мінбардан түскеннен кейін біз: «Уа, Расулулла (с.ғ.с.)! Біз бүгін Сізден бұрын естімеген нәрсені естідік»,-дегенімізде, Ол (с.ғ.с.): «Маған Жәбрәил (ғ.с.) келді. Мен мінбардың бірінші баспалдағын басқанымда, ол: «Рамазан айын қарсы алып, кешірімге лайық болмаған опат болсын»,-дегенде мен: «Әмин!»,-дедім...». (Бухари)

Хақ Тағалаға ерекше жақын болған Жәбрәил (ғ.с.) тәрізді періштенің теріс батасы аз нәрсе емес. бұл пенде Аллаһ Тағаланың кешірімі мен рахметі нөсерлеп жауған берекелі Рамазан айын селқостық және күнә істеумен өткізді деген сөз. Рамазан айын осылай өткізу себебінен Хақ Тағаланың кешірімінен мақрұм болған жан басқа уақытта қалай кешіріледі. Әрі ол опатқа ұшырауына қандай күмән болуы мүмкін. Ал Рамазан айында кешірімге лайық болудың жолы – орындалуы міндетті болған амалдарды, яғни ауыз бекіту мен тарауих намазын ықыласпен орындап, істеген күнәсі үшін шын жүректен тәубеге келіп, сол үшін көп кешірім сұрау.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға