Қадір сүресінің мұғжизалары

Қадір сүресінің мұғжизалары

Бұл тақырып негізгі төрт мәселеден тұрады:

1. «Қадр» сүресінің мазмұны;

2. «Қадр» сүресінің сандық мұғжизалары;

3. «Қадр» сүресінің тілдік мұғжизалары;

4. «Қадр» сүресінің мазмұндық мұғжизасы;

1. «Қадр» сүресінің мазмұны

Құран бастан-аяқ – мұғжиза.

Мұғжиза – жай пенденің қолынан келмейтін, әдеттен тыс, пайғамбарлардың пайғамбарлығына дәлел болатын құбылыс. Мысалы, айды, теңізді екі бөлу, жартастан түйе шығару т.с.с.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) көптеген мұғжизасы болған. Соның ішіндегі ең ұлығы – Қасиетті Құран Кәрим. Сондықтан ондағы әрбір сүре, сөз, тіпті әрбір харекет – мұғжиза.

Сүре мәселесіне келер болсақ, Құдай қаласа біз қасиетті Рамазанның Қадір түні бөлігіндеміз. Яғни, Қадір түні Рамазанның үшінші онкүндігінде. Осыған орай назарларыңызға Құрандағы «Қадр» сүресінің мұғжизасын ұсынамыз.

«Қадр» сүресінің негізгі мазмұны:

- Қасиетті Қадір түнінің маңыздылығы. Осы себептен Хақ Тағала сүренің бастапқы аятында Қадір түнінің маңыздылығына нұсқап «Қадр» сүресінің екінші аятында:

وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ

-«Сен Қадір түні не екенін білесің бе?»,-деген;

- Қадір түнінің артықшылығы. Алла Тағала Қадір түніне қатысты толықтай бір сүре түсіріп, оны «Әл-Қадр» деп атады. Осының өзі бұл сүренің ерекшелігіне меңзейді. Сонымен қатар Хақ Тағала «Қадр» сүресінін 3-ші аятында:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ

-«Қадір түні мың айдан абзал»,-деген;

- Құран Қадір түні түсірілгені жайында баяндау. Жаратушы Иеміз Құран Қадір түні түскені жайында айтқан:

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ

«Рас, Біз Құранды Қадір түні түсірдік». («Қадр» сүресі, 1-аят);

- Жерге періштелер түсетіні жайында хабарлау:

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُفِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ

«Ол түні Раббыларының әмірімен періштелер мен Жәбрәил (ъаләйһис-саләм) түседі». («Қадр» сүресі, 4-аят);

- Таңатқанға дейін амандық болатынын жеткізу:

سَلَامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ

«Ол – бейбітшілік, амандық кеші. Ол кеш таң атуға дейін жалғасады». («Қадр» сүресі, 5-аят).

Құдай қаласа, жалғасы ертең!...

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға