Рамазанда дұға қабыл!

Рамазанда дұға қабыл!

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Алла Тағала Рамазанның әрбір күн және түнінде тозаққа лайық болғандарды тозақтан азат етеді әрі әрбір мұсылманның әр күн және түнінде дұғасы қабыл».

Хадисті Әбу Саъид Әл-Худриден (родиял-лаһу ғанһу) Имам Әл-Баззар риуаят етті.

Әлде де болса Хақ Тағала бізге мол мүмкіндікті сыйлап тұр! Әлде де болса қасиетті Рамазан жалғасуда! Құлшылық етіп, сауап алып, қажетімізді тілеп қалайық, құрметті мұсылман қауым!

Не тілесе болады?

Имам Тирмизи (рохматул-лаһи ғаләйһи) Әнас ибн Маликтен (родиял-лаһу ғанһу) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деген:

لَيَسْأَلْ أَحَدُكُمْ رَبَّهُ حَاجَتَهُ كُلَّهَا، حَتَّى يَسْأَلَ شِسْعَ نَعْلِهِ إِذًا انْقَطَعَ

«Сендердiң бiрiң Раббысынан барлық қажетiн, тiптi үзiлген жағдайда аяқкиiмiнiң бауын да сұрай берсiн».

Мәселе тілегеніміз – тіршілігіміз үшін, ал тіршілігіміз – Ақырет үшін болса болғаны!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға