Қадір сүресінің мұғжизалары. Жалғасы...

Қадір сүресінің мұғжизалары. Жалғасы...

«Қадр» сүресінің сандық мұғжизалары

«Қадр» сүресіндегі мұғжизаны екі түрге бөлсе болады:

- сандық;

- тілдік (лингвистикалық).

Алдымен осы сүренің сандық мұғжизаларына тоқтала кетсек!

Бірінші мәселе: араб нұсқасында «Әл-Қадр» сөзі бес әріптен тұрады:

القدر – әлиф, ләм, қоф, дәл, ра. Ал Исламның бес негізі (парызы) бар:

- Иман;

- Намаз;

- Ораза;

- Зекет;

- Қажылық.

Екінші мәселе: «Қадір» сүресі бес аяттан тұрады. Ал Ислам мұсылман үмметіне бес уақыт намазды парыз еткен.

Үшінші мәселе: сөз саны.

«Қадр» сүресі 30 сөзден тұрады. Құран да 30 парадан (бөліктен) тұрады. Сонымен қатар егер Рамазан айы 30 күн болған жағдайда, сол 30 күн оразаның маңыздылығына нұсқап тұрғандай.

Төртінші мәселе: сүредегі әріп саны.

«Қадр» сүресінде 114 әріп бар екенін айта кеткен жөн:

- бірінші аятта – 21 әріп;

- екінші аятта – 19 әріп;

- үшінші аятта – 20 әріп;

- төртінші аятта – 36 әріп;

- бесінші аятта – 18 әріп.

Барлығы: 114 әріп.

Ал Құрандағы сүрелер саны – 114 екені баршамызға мәлім.

Бесінші мәселе: сүренің 27 сөзі.

«Қадр» сүресінің 27-ші сөзі – هي (ол) сөзі. Яғни:

هي حتى مطلع الفجر

«Ол түн таңатқанға дейін жалғасады». (Абдулла ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу). Имам Ар-Рази тафсирі)

Алтыншы мәселе: енді мына кереметке қараңыз!

«ليلة القدر» (ләйләтүл-қадр – қадір түні) сөзі 9 әріптен құралған, соның ішінде «ل» (ләм) әрпі үш қайталанған. Осы жайт «тоғызды үшке көбейт» деп тұрған тәрізді. 9-ды 3-ке көбейтер болсақ 27 шығады: 9 х 3 = 27. Яғни, сүренің атауының өзі бізге: «Қадір түні – Рамазанның 27-ші түні»,-деп тұрғандай. (Абдулла ибн Аббас (родиял-лаһу ғанһу). Имам Ар-Рази тафсирі)

Құдай қаласа, жалғасы ертең!...

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға