Қадір сүресінің мұғжизалығы. Жалғасы...

Қадір сүресінің мұғжизалығы. Жалғасы...

«Қадр» сүресінің тілдік мұғжизалары

1. «Қадр» сүресінің бірінші аятында Алла Тағала:

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ

«Расында Біз Құранды Қадір түні түсірдік»,-деген.

Бұл аятта Хақ Тағаланың «Біз» дегені Қадір түнінің ұлықтығына меңзейді.

Осы аяттағы «түсірдік» сөзі Құранның ұлықтығына ишара.

2. Құрандағы «қадр» сөзінің бәрі накира, яғни белгісіз халде келген – قـدر. Тек «Қадр» сүресінде мағрифа, яғни белгілі халде келген – القـدر. Араб тілінде әдетте бір нәрсеге назар аудару мақсатында сөз белгілі халде, яғни «الــ» (әлиф-ләм)-мен қолданылады. Осының өзі Қадір сүресінің ерекшелігіне меңзейді.

«قـدر» (қадр) сөзінің мағынасы көп:

- орын;

- іс;

- үкім;

- қуат;

- мүмкіндік;

- теңдік;

- жеткіліктік;

- есеп;

- өлшем.

«قـدر» (қадр) сөзі өзіне осы ұғымның бәрін қамту себебінен тағдыр белгіленетін түн «Қадір түні» деп аталды.

3. Құранның стилистикасы бойынша бір мәселенің бір аят не болмаса бір сүреде қайталануы оның маңыздылығына меңзейді. Ал «Қадр» сүресінде «қадр» сөзі үш рет қайталанған. осының өзі Қадір түнінің маңыздылығын көрсетеді.

4. «Қадр» сүресінде «وما أدراك» (Сен білесің бе? Сен білмейсің) сөзі үш қайтара айтылған. Мұның мәнісі: Қадір түнінің маңыздылығына назар аудару. Сонымен қатар Құрандағы «وما أدراك» (Сен білесің бе? Сен білмейсің) сөзі мұсылмандардың назарын соған дейін беймәлім болған жаңа мәселеге аудару мақсатында айтылған. Бұл да Құранның стилистикасына жатады.

5. Араб тілінде «إلى» (илә) және «حتى» (хатта) қосымша сөздер бар. Негізі бұл екі сөздің мағынасы бір-біріне жақын. Дегенмен «Қадр» сүресінде «حتى» (хатта) қосымша сөзі қолданылған. Тафсирлерге қарар болсақ «Қадр» сүресінде не себепті «حتى» (хатта) қосымша сөзі қолданылғаны жайында айтылған. Себебі: «إلى» (илә) қолданылған жағдайда Қадір түнінің берекеті тек таңатқанға дейін ғана болса, «حتى» (хатта) қолданылған жағдайда ол таңатқаннан кейінде жалғасатынын көрсетеді. Осы себептен имм Шафиғи: «Періштелер көкке таң намазынан кейін көтерілуі себебінен Қадір түнінің беркеті күндізге дейін жалғаса береді»,-деген.

Осыдан тіпті бір сөздің өзі Хақ Тағаланың Қадір түніндегі шексіз рахметін көрсетеді.

«Қадр» сүресінің мазмұндық мұғжизасы

1. Құранға қарар болсақ, «Қадр» сүресі «Ғаләқ» сүресінен кейін келген. Яғни, Хақ Тағала: «Құранның әуелгі аяты мен сүресі қасиетті Қадір түсірілді»,-деп тұрғандай.

2. «Духан» сүресінің 3-ші аяттында: «Расында Біз Құранды берекелі түнде түсірдік»,-деген. Ал енді «Қадр» сүресінің 3-ші аятына қарар болсақ, онда сол берекеттің мөлшері айтылған – мың айдан артық.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға