Алла Тағала саған не қалайды?

Алла Тағала саған не қалайды?

Хақ Тағала саған не қалайтынын білгің келе ме? Хақ Тағаланың қалауы сенің жүрек қалауымен, жүрегің: «Уа, Алла!»,-деп тұрумен байланысты.

Ал енді бері қара! Егер жүрегің:

- Алла Тағаланы зікір етуін қаласа – онда Хақ Тағала сені ескеріп жатқаны;

- Құран оқуды қаласа – онда Жаратушы Ие сенімен сөйлесуін қалағаны;

- құлшылық етуді қаласа – онда Алла Тағала сені өзіне жақындатуын қалағаны;

- дүниені қаласа – онда Хақ Тағала сені өзінен алыстатуды қалағаны;

- адамдарға жағымпаздануды қаласа – онда Алла Тағала сені назарынан тыс қалдырғаны;

- дұға етуді қаласа – онда Хақ Тағала саған беруді қалағаны.

Сондықтан сенің Хақ Тағаланың назарындағы мәртебең іс-әрекетіңе байланысты. Ісің қайырлы болса – Алла Тағаланың алдында қадірің болғаны.

Хақ Тағала баршамызға тек Ақырет үшін қайырлы іспен шұғылдануымызды және жүрегіміз үнемі: «Уа, Тәңірім!»,-деп тұруын нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға