Нәпіл намаздың артықшылығы

Нәпіл намаздың артықшылығы

Нәпіл намаз – парыз намазға қосымша оқылатын намаз. Мәселен, таң намазының сүннеті, аср намазының бекітілмеген төрт рәкәғат сүннеті т.с.с.

Артықшылығына келер болсақ, ол баршылық. Мысалы, нәпіл намаздың сауабы парыз намаздағы кемшілігін жуып-шаяды. Сонымен қатар нәпіл намазды жеке, ешкімге көрсетпестен оқудың да өзіне тән артықшылығы бар. Имам Табарони және имам Ахмад риуаят еткен хадисте үйде ешкімге көрсетпей оқылған намаздың артықшылығы парыз намаздың нәпіл намаздан болған артықшылығындай делінген. Ал имам Суютыйдың «Әл-Жәмиғус-сағирінде» намазды адамдарға көрсетпей оқу адамдарға көрсетіп оқудан жиырма бес есе артық екені жайында айтылған. (3821 хадис) Неге? Себебі нәпіл құлшылық Хақ Тағалаға жақындау мақсатында ғана орындалады. Ал құлшылықты жеке, ешкімге көрсетпей орындау – ықыластың нышаны. Бұл жағдайда пенде риядан, яғни көзбояушылықтан аулақ болады. Нәпіл намазды жеке, ешкімге көрсетпестен оқудың сауабы мол болудың мәнісі осы.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға