Мақтаушыны көрсеңдер...

Мақтаушыны көрсеңдер...

Һаммам (родиял-лаһу ғанһу) айтады:

جَاءَ رَجُلٌ فَأَثْنَى عَلَى عُثْمانَ في وَجْهِهِ فَأَخَذَ المِقْدَادُ بنُ الأسْوَدِ تُرَاباً فَحَثَا في وَجْهِهِ وَقالَ: قالَ رَسُولُ الله صلى الله عليه وسلم: إِذَا لَقِيتُمُ المَدّاحِينَ فَاحْثُوا في وُجُوهِهِمْ التّرَابَ

«Біреу келіп Османды (родиял-лаһу ғанһу) бетіне мақтады. Сонда Миқдад ибн Асуад (родиял-лаһу ғанһу) Османды (родиял-лаһу ғанһу) мақтғанның бетіне топырақ шашып былай деді: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Мақтаушыны көрсеңдер, бетіне топырақ шашыңдар!»,-деді». (Әбу Дауд)

Бұл хадис мақтауды әдетке айналдырған адамдарға қатысты. Мұның арғы жағында жағымпаздық тұруы әбден мүмкін. Ал мұндай мақтау жалғандыққа жатады. Сондықтан шариғат мақтаудың мұндай түріне мүлдем қарсы! Болмаса, тиісті жерде орынды мақтау айтудың оқасы жоқ. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сахабаларын мақтағанда. Мәселе – пенденің мақтауға лайық болып, мақтау кері әсер тигізбеуінде. Яғни, мақтау пендені өркөкіректік пен тәкаппарлыққа итермелеуінде. Егер осының қауіпі болса, онда мақтамай-ақ қойған абзал. Былайша айтқанда, кімді, қашан және қалай мақтау керек екенін білген жөн!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға