Бекітілген сүннет намаздардың артықшылығы

Бекітілген сүннет намаздардың артықшылығы

Мүминдердің анасы Умму Хабиба р.л.ғ. айтады:

سَمِعْتُ رَسُولَ اللّهِ صلى الله عليه وسلم يَقُولُ: مَنْ صَلّى اثْنَتَيْ عَشْرَةَ رَكْعَةً فِي يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ، بُنِيَ لَهُ بِهِنّ بَيْتٌ فِي الْجَنّةِ،قَالَتْ أُمّ حَبِيبَةَ: فَمَا تَرَكْتُهُنّ مُنْذُ سَمِعْتُهُنّ مِنْ رَسُولِ اللّهِ صلى الله عليه وسلم

«Мен Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Кімде-кім тәулігінде он екі рәкәғат намаз оқыса соның себебінен жәннатта ол үшін үй тұрғызылады». Нәбиден (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) осы естігеннен соң мен сол он екі рәкәғатты оқымай қоймадым».(Муслим)

Бұл хадисте бес уақыт намаздың бекітілген сүннеті жайында айтылған:

- таң намаздың екі рәкәғат сүннеті (парыздан бұрын);

- бесін намаздың алты рәкәғат сүннеті (4 рәкәғат – парыздан бұрын және 2 рәкәғат – парыздан кейін);

- ақшам намаздың екі рәкәғат сүннеті (парыздан соң);

- құптан намаздың екі рәкәғат сүннеті (парыздан соң).

Алла Тағала баршамызға жәннат үйін нәсіп еткей! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға